Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 27 марта 2018 года № 126 «Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к организации и проведению санитарно-противоэпидемических, санитарно-профилактических мероприятий по предупреждению инфекционных заболеваний»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-55/2020 · қабылданған 22.05.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-126/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 27 марта 2018 года № 126 «Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к организации и проведению санитарно-противоэпидемических, санитарно-профилактических мероприятий по предупреждению инфекционных заболеваний» Күшін жойған 05.10.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 27 марта 2018 года № 126 «Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к организации и проведению санитарно-противоэпидемических, санитарно-профилактических мероприятий по предупреждению инфекционных заболеваний»

Күшін жойған Бұйрық № ҚР ДСМ-55/2020 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 27 марта 2018 года № 126 «Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к организации и проведению санитарно-противоэпидемических, санитарно-профилактических мероприятий по предупреждению инфекционных заболеваний»
Атауы (қаз.)
«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
ҚР ДСМ-55/2020
Қабылданған күні
22.05.2020
Көрсетілген редакция
05.10.2022 143176_597769.kaz
Соңғы өзгеріс
05.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020720
ЭКБ идентификаторы
143176
Редакция идентификаторы
143176_597769
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:24
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 наурыздағы №126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16793 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 27 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістеренгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі К.Т. Надыровқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі

1 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау
министрінің міндетін атқарушы
2020 жылғы 22 мамыры
№ ҚР ДСМ-55/2020 бұйрығына
1 қосымша
«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Есепті кезеңнен кейінгі айдың 4-ші күнінен кешіктірмей аумақтық бөлімшелерге ұсынылады.
Әкімшілік деректердің нысаны kkkbtu.dsm.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік деректер нысанының индексі:_1ФГ бойынша есеп__
Кезеңділігі: өсу реті қорытындысымен ай сайын
Есепті кезең: 20___ жылғы _____________
(айы)
Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: Медициналық ұйымдар

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің 2017 жы­л­ғы 25 жел­тоқ­сан­да­ғы № 994 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 16381 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген ту­бер­ку­лез ке­зін­де ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту­ді ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­қа сәй­кес ту­бер­ку­лез­ге жыл сай­ын­ғы мін­дет­ті флю­ро­гра­фи­я­лық зерт­теп-қа­ра­у­ға жа­та­тын адам­дар, оның ішін­де «жо­ғар­ғы қа­уіп» то­бы­ның адам­да­ры
_____ жы­л­ға жос­пар
Өспе­лі есеп­ті ке­зең­де­гі
жос­пар
Жос­пар­ды өспе­лі орын­дау
%
Ту­бер­ку­лез­бен ауы­ра­тын адам анық­тал­ды
%
1
2
3
4
5
6
7
8
Орындаушы _____________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________________
________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
______________________________________________________________________
Кестеге түсініктеме:
Аудан (қала) бойынша халықты флюорографиялық зерттеп-қарау жоспарының орындалуы туралы есеп медициналық ұйымдары (емханалар) бөлінісінде жасалады, медициналық ұйымдары терапевтік учаскелер, жалпы практика дәрігерлері, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік пункттер бөлінісінде жасалады.
1-бағанда «№» реттік нөмір толтырылады;
2-бағанда әрбір жолда туберкулезге жыл сайынғы міндетті флюрографиялық зерттеп-қарауға жататын адамдар, оның ішінде «қауіп» тобының адамдары және жеке «Жиыны», оның ішінде «қауіп тобы», «міндетті контингент» толтырылады;
3-бағанда белгілі бір жылға флюорографиялық зерттеп-қарау жоспары толтырылады;
4-бағанда өсуімен есепті кезеңдегі флюорографиялық зерттеп-қарау жоспары толтырылады;
5-бағанда өсуімен есепті кезеңдегі флюорографиялық зерттеп-қараудан өткен адамдардың саны абсолюттік сандарда көрсетіледі;
6-бағанда жоспарланған сан ішінде флюорографиялық зерттеп-қараудан өткен адамдарды қамтудың үлес салмағы есептеліп, көрсетіледі, пайызбен;
7-бағанда туберкулезбен анықталған адамдар саны абсолюттік сандарда көрсетіледі;
8-бағанда флюорографиялық зерттеп-қараудан өткен адамдар саны ішінде туберкулезбен анықталған адамдардың үлес салмағы есептеліп, көрсетіледі.

2 Бұйрығына 2 қосымша

«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына
2-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Есепті кезеңнен кейінгі айдың 4-ші күнінен кешіктірмей аумақтық бөлімшелерге ұсынылады.
Әкімшілік деректердің нысаны kkkbtu.dsm.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік деректер нысанының индексі:_1 Манту бойынша есеп__
Кезеңділігі: өсу реті қорытындысымен ай сайын
Есепті кезең: 20___ жылғы ______________
(айы)
Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: Медициналық ұйымдар

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің 2017 жы­л­ғы 25 жел­тоқ­сан­да­ғы № 994 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 16381 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген ту­бер­ку­лез ке­зін­де ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту­ді ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­қа сәй­кес Ман­ту сы­на­ма­сы бой­ын­ша қа­рап тек­се­ру­ге жа­та­тын кон­тин­гент
_____ жы­л­ға жос­пар
Өсім­мен есеп­ті ке­зең­де­гі
жос­пар
Есеп­ті ай­да жос­пар­дың өсім мен орын­да­луы
(%) қам­ту­дың үлес сал­ма­ғы
Ви­раж­бен және ги­пе­ре­рги­я­лық ре­ак­ци­я­мен анық­тал­ды
Ту­бер­ку­лез­ді ре­ком­би­нант­ты ал­лер­ген пре­па­ра­ты­мен тек­се­рі­л­ген
Хи­ми­я­лық про­фи­лак­ти­ка­мен қам­тыл­ды
бар­лы­ғы
%
бар­лы­ғы
%
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Орындаушы _____________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________________
________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
________________________________________________________________
Кестеге түсініктеме:
Аудан (қала) бойынша Манту сынамасын қою жоспарының орындалуы туралы есеп медициналық ұйымдары (емханалар) бөлінісінде жасалады, медициналық ұйымдары педиатрлік учаскелер, жалпы практика дәрігерлері, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік пункттер, мектепке дейінгі балалар мекемелері, мектептер бөлінісінде жасалады.
1-бағанда «№» реттік нөмір толтырылады;
2-бағанда Манту сынамасы бойынша зерттеп-қарауға жататын контигенттін тізімі, оның ішінде «жоғарғы қауіп» тобындағы балалар толтырылады;
3-бағанда белгілі бір жылға Манту сынамасы бойынша зерттеп-қарау жоспары толтырылады;
4-бағанда өсіммен есепті кезеңдегі Манту сынамасы бойынша зерттеп-қарау жоспары толтырылады;
5-бағанда жоспарланған контингент ішінде өсіммен есепті кезеңдегі Манту сынамасы бойынша зерттеп-қараумен қамтылғандардың адамдар саны көрсетіледі;
6-бағанда жоспарланған контингент ішінде Манту сынамасы бойынша зерттеп-қарумен қамтылғандардың үлес салмағы есептеліп, пайызбен көрсетіледі;
7-бағанда виражбен және гиперергиялық реакциямен анықталған адамдар саны абсолюттық сандарда көрсетіледі;
8-бағанда зерттеп-қаралғандар саны ішінде виражбен және гиперергиялық реакциямен анықталған адамдардың үлес салмағы есептеліп,пайызбен көрсетіледі;
9,10-бағандарда туберкулезді рекомбинантты аллерген (Диаскинтест) препаратымен тексерілген адамдар саны және үлес салмағы есептеліп, пайызбен көрсетіледі;
11-бағанда фтизиатр дәрігерде толық тексерілгеннен кейін виражбен және гиперергиялық реакциямен анықталған адамдар ішінде химиялық профилактикамен қамтылған адамдардың саны көрсетіледі.