О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2018 года № 138 «Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на содействие развитию предпринимательства в областных центрах, городах Астане, Алматы, Туркестан, Семей и моногородах на 2018 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2018 года № 138 «Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на содействие развитию предпринимательства в областных центрах, городах Астане, Алматы, Туркестан, Семей и моногородах на 2018 год»
- Атауы (қаз.)
- «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2018 жылға кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 138 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 375
- Қабылданған күні
- 25.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 25.06.2018 122822_332968.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000375
- ЭКБ идентификаторы
- 122822
- Редакция идентификаторы
- 122822_332968
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:56
0 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2018 жылға кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 138 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2018 жылға кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 138 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2018 жылға кредит берудің негізгі шарттарында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2018 жылға кредит беру үшін «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысында көзделген 9311124000 (тоғыз миллиард үш жүз он бір миллион бір жүз жиырма төрт мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға 7 (жеті) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесімен беріледі;».