О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 142 «Об утверждении перечня приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон, соответствующих целям создания специальной экономической зоны, а также Правил включения приоритетных видов деятельности в перечень приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон, соответствующих целям создания специальной экономической зоны»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 142 «Об утверждении перечня приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон, соответствующих целям создания специальной экономической зоны, а также Правил включения приоритетных видов деятельности в перечень приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон, соответствующих целям создания специальной экономической зоны»
- Атауы (қаз.)
- «Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 342
- Қабылданған күні
- 30.06.2021
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2024 156920_686886.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100023447
- ЭКБ идентификаторы
- 156920
- Редакция идентификаторы
- 156920_686886
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:44
0
«Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16588 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы:
1) металлургия өнеркәсібі;
2) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;
3) авиациялық, автомобиль және мотоцикл қозғалтқыштарынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналарды жасау;
4) автокөлік құралдарын, трейлерлерді және жартылай тіркемелерді жасау;
5) компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнімдерді жасау;
6) электр жабдықтарын жасау;
7) химия өнеркәсібі өнімдерін жасау;
8) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
9) өзге де металл емес минералдық өнiмдердi жасау;
10) гидравликалық жабдықты жасау;
11) өзге де сорғыларды, компрессорларды, тығындар мен қақпақшаларды жасау;
12) өзге де шүмектер мен бұрандаларды жасау;
13) подшипниктерді, тегершіктер мен тісті берілістердің элементтерін және жетектерді жасау;
14) плиталар, пештер және пеш оттықтарын жасау;
15) көтеру және тасымалдау жабдығын жасау;
16) қол электр құралдарын жасау;
17) өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын жасау;
18) сұйық минералдарға арналған тазалау аппараттарын жасау;
19) сұйық минералдарды немесе ұнтақтарды өндіруге, диспергациялауға немесе тозаңдатуға арналған жабдықты жасау;
20) мұнайды тазалауға, химия өнеркәсібіне, сусындар өндіру жөніндегі индустрияға арналған тазалау жабдығын жасау;
21) центрифугалар (қаймақ айырғыштар мен кептіру аппараттарынан басқа) жасау;
22) судың кері циркуляциясы арқылы тікелей суыту үшін су суыту бағандарын жасау;
23) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын жасау;
24) металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықты жасау;
25) өзге де металл өңдейтiн станоктарды жасау;
26) металлургияға арналған машиналар мен жабдықты жасау;
27) тау-кен өндiру өнеркәсiбiне, жерасты жұмыстарына және құрылысқа арналған техниканы жасау;
28) тамақ өнiмдерiн, сусындарды және темекi бұйымдарын өндiруге және қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау;
29) тоқыма, тiгiн, үлбiр және терi бұйымдарын дайындауға арналған жабдықты жасау;
30) қағаз бен қатырма қағазды дайындауға арналған техниканы жасау;
31) резеңкенi, пластмассалар мен басқа да полимер материалдарды қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау;
32) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
33) қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; істен шыққан көлік құралдарына, арнайы техникаға және ауыл шаруашылығы машиналарына, тоңазытқыштар мен тоңазытқыш жабдықтарына қатысты материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру);
34) «балық және ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем-шөп өндіру және қайта өңдеу бойынша құрама жем зауытының құрылысы және пайдалануға беру»;
35) «кокс пешінің өнімдерін өндіру»;
36) «электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен қамтамасыз ету».».
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі