Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1453 «Об утверждении формы соглашения об оказании гарантированной государством юридической помощи»

Бұйрық · № 106 · қабылданған 10.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-1453-ekb-152881/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1453 «Об утверждении формы соглашения об оказании гарантированной государством юридической помощи» Қолданыста Бұйрық ·№ 106 ·10.02.2021
10.02.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1453 «Об утверждении формы соглашения об оказании гарантированной государством юридической помощи»

Қолданыста Бұйрық ·№ 106 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1453 «Об утверждении формы соглашения об оказании гарантированной государством юридической помощи»
Атауы (қаз.)
«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1453 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
106
Қабылданған күні
10.02.2021
Көрсетілген редакция
10.02.2021 152881_510806.kaz
Соңғы өзгеріс
10.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022214
ЭКБ идентификаторы
152881
Редакция идентификаторы
152881_510806
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:34

0 «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1453 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17515 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 қазанда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінің ақпараттық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанында:
1-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адвокат Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте құқықтық консультация беру, сондай-ақ соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетеді:
1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаға;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшылар мен жауапкерлерге;
3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге;
4) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға. Адвокаттар қажет болған жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасайды.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегі азаматқа тегін көрсетіледі.
Адвокаттың көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беру, қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мөлшерде бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әкімші адвокаттың заң көмегін көрсеткені үшін төленуге тиіс және қорғауымен және өкілдік етуімен байланысты шығыстарды өтеуге тиісті бюджеттік қаражатты адвокаттың банктік шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде аударады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Келісім Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде қалыптасады, Тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және келесі жылдың соңына дейін қолданылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы