Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1453 «Об утверждении формы соглашения об оказании гарантированной государством юридической помощи»

Бұйрық · № 744 · қабылданған 01.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-1453/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1453 «Об утверждении формы соглашения об оказании гарантированной государством юридической помощи» Қолданыста Бұйрық ·№ 744 ·01.09.2022
01.09.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1453 «Об утверждении формы соглашения об оказании гарантированной государством юридической помощи»

Қолданыста Бұйрық ·№ 744 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1453 «Об утверждении формы соглашения об оказании гарантированной государством юридической помощи»
Атауы (қаз.)
«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1453 бұйрығына өзгеріс мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
744
Қабылданған күні
01.09.2022
Көрсетілген редакция
01.09.2022 171210_589807.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029386
ЭКБ идентификаторы
171210
Редакция идентификаторы
171210_589807
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:20

0 «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1453 бұйрығына өзгеріс мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17515 болып тіркелген) мынадай өзгеріс мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
« 1. Адвокат құқықтық консультация беру түріндей мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетеді:
1) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға;
2) мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға;
3) асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;
4) жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға;
6) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға;
7) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдарға (отбасыларға) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Адвокат соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетеді:
1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамға;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға не жауапкерге және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшыға;
3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы