Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1454 «Об утверждении критериев качества оказания гарантированной государством юридической помощи»

Бұйрық · № 735 · қабылданған 31.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-1454/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1454 «Об утверждении критериев качества оказания гарантированной государством юридической помощи» Қолданыста Бұйрық ·№ 735 ·31.08.2022
31.08.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1454 «Об утверждении критериев качества оказания гарантированной государством юридической помощи»

Қолданыста Бұйрық ·№ 735 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1454 «Об утверждении критериев качества оказания гарантированной государством юридической помощи»
Атауы (қаз.)
«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1454 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
735
Қабылданған күні
31.08.2022
Көрсетілген редакция
31.08.2022 171138_592403.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029341
ЭКБ идентификаторы
171138
Редакция идентификаторы
171138_592403
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:21

0 «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1454 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1454 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17510 болып тіркелген) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекет кепілдік берген заң көмегін
көрсету сапасының өлшемшарттарында:
1-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң) берілген өкілеттіктер шегінде құқықтық ақпарат беруді жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мыналар заң консультанттарының жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін соттарда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда білдіру түрінде көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегі сапасының өлшемшарттары болып табылады:
1) Заңмен берілген өкілеттілік шегінде мемлекет кепілдік берген құқықтық көмек көрсету;
2) Заңының 78-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіптік міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің нормаларын сақтау;
3) мемлекет кепілдік берген заң көмегіне өтініш жасаған адамның мүддесіне қайшы келетін істің барысында жеке мүддесі болған кезде, заң көмегін көрсету туралы тапсырмадан бас тарту;
4) заң консультанттарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) негізделген шағымдардың болмауы.».

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы