«О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1455 «Об утверждении типового договора страхования профессиональной ответственности адвокатов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1455 «Об утверждении типового договора страхования профессиональной ответственности адвокатов»
- Атауы (қаз.)
- «Адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1455 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 539
- Қабылданған күні
- 08.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 08.11.2019 136096_428543.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019587
- ЭКБ идентификаторы
- 136096
- Редакция идентификаторы
- 136096_428543
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:55
0 «Адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1455 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1455 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17514 тіркелген, 2018 жылғы
18 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартында:
1-тармақ мынадай редакциядағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Сақтандыру мүддесі – жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуі мүмкін оқиғаларды қоспағанда, сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) тәуекелдерді болғызбаудағы және сақтандыру жағдайының басталуына жол бермеудегі мүліктік мүддесі.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Кәсіптік қателіктер деп мыналар:
1) процестік мерзімдерді өткізіп алу;
2) құжаттарды дұрыс ресімдемеу;
3) шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін тұлғаға зиян келтіруге алып келген, жасалатын заңдық әрекеттердің салдарлары туралы оған хабарламау;
4) сақтанушы (сақтандырылған тұлға) заң көмегін көрсету үшін клиенттен алған құжаттардың жоғалуы немесе бүлінуі;
5) адвокаттық құпияны құрайтын мәліметтерді құқыққа сыйымсыз жария ету түсініледі.».
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Сақтандыру жағдайының басталғандығын, сондай-ақ ол келтiрген зияндарды дәлелдеу сақтанушының (пайда алушының, сақтандырылушының) мiндетiне жатады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет Вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі