Құжат мәтініне өту

«О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1456 «Об утверждении типового договора страхования профессиональной ответственности юридических консультантов»

Бұйрық · № 601 · қабылданған 19.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-1456/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
«О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1456 «Об утверждении типового договора страхования профессиональной ответственности юридических консультантов» Қолданыста Бұйрық ·№ 601 ·19.12.2019
19.12.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

«О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1456 «Об утверждении типового договора страхования профессиональной ответственности юридических консультантов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 601 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1456 «Об утверждении типового договора страхования профессиональной ответственности юридических консультантов»
Атауы (қаз.)
«Заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1456 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
601
Қабылданған күні
19.12.2019
Көрсетілген редакция
19.12.2019 137256_433667.kaz
Соңғы өзгеріс
19.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019749
ЭКБ идентификаторы
137256
Редакция идентификаторы
137256_433667
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:15

0 «Заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1456 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Заң консультанттарының ң кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің

2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1456 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17502 тіркелген, 2018 жылғы
18 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартында:
1-тармақ мынадай редакциядағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Сақтандыру мүддесі – жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуі мүмкін оқиғаларды қоспағанда, сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) тәуекелдерді болғызбаудағы және сақтандыру жағдайының басталуына жол бермеудегі мүліктік мүддесі.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Кәсіптік қателіктер деп мыналар:
1) процестік мерзімдерді өткізіп алу;
2) құжаттарды дұрыс ресімдемеу;
3) шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін тұлғаға зиян келтіруге алып келген, жасалатын заңдық әрекеттердің салдарлары туралы оған хабарламау;
4) Сақтанушы (Сақтандырылған адам) заң көмегін көрсету үшін клиенттен алған құжаттардың жоғалуы немесе бүлінуі;
5) Сақтандырылған адамның заң көмегін көрсету процесінде өзіне мәлім болған мәліметтерді құқыққа сыйымсыз жария етуі түсініледі.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Сақтандыру жағдайының басталғандығын, сондай-ақ ол келтiрген зияндарды дәлелдеу сақтанушының (пайда алушының, сақтандырылушының) мiндетiне жатады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет Вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

Қолданыстағы