Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 27 марта 2018 года № 15/165 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Мангистауского районного маслихата»

Өзге акт · № 11/120 · қабылданған 04.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-15165-ekb-165560/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 27 марта 2018 года № 15/165 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Мангистауского районного маслихата» Қолданыста Өзге акт ·№ 11/120 ·04.03.2022
04.03.2022 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 27 марта 2018 года № 15/165 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Мангистауского районного маслихата»

Қолданыста Өзге акт ·№ 11/120 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 27 марта 2018 года № 15/165 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Мангистауского районного маслихата»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 15/165 «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11/120
Қабылданған күні
04.03.2022
Көрсетілген редакция
04.03.2022 165560_564895.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22ME11120M
ЭКБ идентификаторы
165560
Редакция идентификаторы
165560_564895
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:15

0 Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 15/165 «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Маңғыстау аудандық мәслихатының «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 27 наурыздағы №15/165 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3559 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
41 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алынып тасталсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау аудандық мәслихаты аппаратының басшысына (Е.Қалиев) жүктелсін.

3 3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы