О внесении изменения в постановление акимата от 27 июня 2018 года № 1716 «Об установлении государственному коммунальному предприятию «Костанай-Су» акимата города Костаная государственного учреждения «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата города Костаная» публичного сервитута на земельные участки»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата от 27 июня 2018 года № 1716 «Об установлении государственному коммунальному предприятию «Костанай-Су» акимата города Костаная государственного учреждения «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата города Костаная» публичного сервитута на земельные участки»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 1716 «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жер учаскесіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1274
- Қабылданған күні
- 28.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2020 145855_477851.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NA009416
- ЭКБ идентификаторы
- 145855
- Редакция идентификаторы
- 145855_477851
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:01
0
Әкімдіктің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 1716 «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жер учаскесіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 2 және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 426 «Қостанай қаласының құрамдас бөліктерін атау және қайта атау туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8656 болып тіркелген) Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Әкімдіктің «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жер учаскесіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы» 2018 жылғы 27 маусымдағы № 1716 қаулысына (2018 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7966 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу мен пайдалану мақсатында, объектілер бойынша жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
Рудненская көшесі – Карбышев көшесі шекараларындағы Юрий Гагарин көшесі;
С.Баймағамбетов көшесі – Абай даңғылы шекараларындағы Гоголь көшесі.».