О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 августа 2018 года № 192 «Об утверждении Правил приобретения товаров, работ и услуг Национальным Банком Республики Казахстан, его ведомствами, организациями, входящими в его структуру, и юридическими лицами, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат Национальному Банку Республики Казахстан или находятся в его доверительном управлении, уполномочен
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 августа 2018 года № 192 «Об утверждении Правил приобретения товаров, работ и услуг Национальным Банком Республики Казахстан, его ведомствами, организациями, входящими в его структуру, и юридическими лицами, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат Национальному Банку Республики Казахстан или находятся в его доверительном управлении, уполномочен
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Респ
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 96
- Қабылданған күні
- 31.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 17.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2026 I228453_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039478
- ЭКБ идентификаторы
- 228453
- Редакция идентификаторы
- I228453_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 07.08.2026 03:31
0
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17374 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларында:
1-тармақта:
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының 26) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк), оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Ұлттық Банкке тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның мыналарды:»;
он тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«дүлей күш жағдайларының туындауы кезінде өткізілетін іс-шаралар шеңберінде, оның ішінде дағдарыстық ахуалды, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық саладағы дағдарыстық ахуалды және төтенше оқиғалар мен олардың салдарларын еске салуға, алдын алуға, оқшаулауға және (немесе) жоюға бағытталған, сондай-ақ тез арада қалпына келтiрудi талап ететiн тетiктердiң, агрегаттардың, жабдықтардың, бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етулердің, қосалқы бөлшектердiң және материалдардың сынуы, iстен шығуы туындағанда (растау құжаттары болған кезде), электр энергетикалық объектілердегі, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, аса маңызды цифрлық инфрақұрылым объектілердегі, ерекше маңызды мемлекеттік объектілердегі және террористік тұрғыдан осал объектілердегі, сондай-ақ өнеркәсіп салаларының және қызмет түрлерінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10310 болып тіркелген «Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығына сәйкес қауіпті өндірістік объектілер ретінде сәйкестендірілген объектілеріндегі апаттарды, технологиялық бұзушылықтарды жою үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;»;
2-тармақта:
10) тармақша алып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) сатып алу порталы – электрондық сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын цифрлық жүйе;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) электрондық әмиян – сатып алу порталы операторының банктік шотына әлеуетті жеткізуші немесе жеткізуші тендерлік өтінімдерді қамтамасыз етуге, сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуге ақша енгізген кезде сатып алу порталы операторының цифрлық жүйесінде көрінетін әлеуетті жеткізушінің немесе жеткізушінің жеке шоты;»;
6-1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сатып алу порталында орналастырылған цифрлық ресурстарды сақтаудың киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуді;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерін, мемлекеттік цифрлық ресурстарды интеграциялау және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша уәкілетті субъектілермен өзара іс-қимыл жасауды;»;
23-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) орнатылған жабдықты, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді, цифрлық жүйені) толық жасақтау, жаңғырту, толық жарақтандыру, техникалық қолдау;»;
50-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық сатып алуды жүргізу кезінде әлеуетті жеткізуші мәліметтері мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы расталатын құжаттарды қоспағанда, әлеуетті жеткізуші басшысының не ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады.
Мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті жеткізуші құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады.»;
65-тармақтың екінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) сатып алу порталының тиісті уәкілетті органдардың мемлекеттік цифрлық жүйелерімен интеграциясы болған кезде сатып алуға қатысуға келісімнің 2-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген мәліметтер дәйексіз болған жағдайда автоматты түрде қабылданбайды.»;
68-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«90. Тендерлік комиссия сатып алуға қатысуға келісімнің 2-тармағындағы мәліметтердің интернет-ресурста не тиісті уәкілетті органдардың мемлекеттік цифрлық жүйесінде орналастырылған ақпаратқа сәйкестігі тұрғысынан оларды тексеруді жүзеге асырады.»;
111 және 111-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«111. Егер әлеуетті жеткізушінің құрылысқа арналған тендерлік баға ұсынысы техникалық-экономикалық негіздемеде (жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған) және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген бағадан 10 (он) пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік болып танылады.
111-1. Егер әлеуетті жеткізушінің «толық бітіріп берілетін» құрылысқа арналған тендерлік баға ұсынысы сатып алу жоспарында не бюджетте көзделген сомадан 10 (он) пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік болып танылады.»;
113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«113. Егер әлеуетті жеткізушінің техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмысқа арналған тендерлік баға ұсынысы тендерге бөлінген бағадан 15 (он бес) пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік болып танылады.»;
114-1-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
134-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
148-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сатып алу порталының тиісті уәкілетті органдардың мемлекеттік цифрлық жүйелерімен интеграциясы болған кезде сатып алуға қатысуға келісімнің 2-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактісін анықтау жағдайларын қоспағанда, әлеуетті жеткізуші басшысының не ол өкілеттік берген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, сатып алу порталында автоматты түрде тіркелетін 1 (бір) баға ұсынысын табыс етеді.»;
158-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) авторлық ілеспе қызметтерді;»;
10) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
161-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық сатып алуды өткізу кезінде рұқсаттар (хабарламалар) туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы расталады.
Мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті жеткізуші рұқсаттардың (хабарламалардың) электрондық көшірмелерін ұсынады.»;
162-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тұрғын үйдің ағымдағы жай-күйінің фототүсірілімін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілген жылжымайтын мүлік объектісін (тұрғын үйді) бағалау туарлы есептің нотариат куәландырған көшірмесі;»;
173-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«173. Сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде, ал «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында көзделген жағдайда акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау туарлы шешім шығарған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші тапсырыс беруші қол қойған және тапсырыс берушінің жауапты бөлімшесінің қызметкері әр бетіне қол қойған сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және жеңімпазға жібереді (ұсынады).»;
184-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
185-тармақта:
1) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) халықаралық рейтингтік агенттіктердің қызметтерін, мерзімді баспасөз басылымдарын, тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жөнелту, жұмыс берушінің және автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша қызметтерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді (бағдарламалық өнімдерді, цифрлық инфрақұрылым объектілерін) техникалық қолдауды;»;
1-қосымшада:
3) және 3-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің объектілерін (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ғимараттары, үй-жайлары, кассалық орталықтар, сақтау орындары, өндірістік объектілер), оның ішінде аса маңызды мемлекеттік және террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызылған объектілерді сатып алу, құру (салу, соның ішінде «толық бітіріп берілетін»), жөндеу (қайта салу), олардың үздіксіз және үзіліссіз жұмыс істеуін және жарақтандырылуын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ сәулет саласында, қала құрылысы және құрылыс қызметінде инжирингтік қызметтерді сатып алу үшін иеленеді.
Осы тармақшада көзделген жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні айқындау кезінде осы Қағидалардың демпингтік бағаны айқындау тәртібін реттейтін нормалары қолданылады;
3-1) 1 000 000 000 (бір миллиард) теңгеден асатын сомаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық объектілерін құру, енгізу, дамыту үшін;»;
1-1-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
5-қосымшада:
1-тармағында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«11. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарландыруда белгіленген мерзімде Қағидалардың 50 және (немесе) 53-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
Электрондық сатып алу өткізген кезде құжаттардың әлеуетті жеткізушінің басшысының не ол уәкілеттік берген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық көшірмелерін ұсынады.
Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады:
_______________________________________________________________.
(қаланың кодын және телефон нөмірін көрсету)
Тендерлік комиссия хатшысы _____________________________________.
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы және байланыс телефоны көрсетіледі).»;
6-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
8-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
9-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
11-қосымшаның 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Цифрлық жүйелерге ілеспе қызмет көрсету бойынша қызметтер.»;
13-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасы (әрбір лотқа жеке беріледі)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2026 жылғы 31 шілдедегі
№ 96 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің, оның ведомстволарының,
оның құрылымына кіретін ұйымдардың
және дауыс беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да көп
пайызы Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның
сенімгерлік басқаруындағы заңды
тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу, бақылау және
қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның
тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді иеленуі қағидаларына
2-қосымша
Бекітілді
__________________________
(тапсырыс берушінің шешімі,
қабылданған күні мен
нөмірі көрсетіледі)
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасы
(әрбір лотқа жеке беріледі)
Сатып алудың атауы _______________________ ___________________
Лоттың № _____________ лоттың атауы _____ _____________________
Техникалық ерекше нұсқамада қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары беріледі. Сондай-ақ жеткізілетін тауарлар (орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сәйкес болуы тиіс ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарттар (олар бар болса), кепілдік мерзімі көрсетіледі.
Тауарларға берілетін техникалық ерекше нұсқамада функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын сипаттау функционалдық шектерді, техникалық сипаттама өлшемдерін, тауардың нысанасын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінеді.
Техникалық ерекше нұсқамада тауарларды жеткізу кезінде қажетті ілеспе жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (құрастыруды, ретке келтіруді, оқытуды, тауарларды тексеруді және сынақтан өткізуді қоспағанда) және оларды көрсету орны, тауардың шыққан жылы, кепілдік мерзімі көрсетілуі тиіс.
Көрсетілетін қызметтерге берілетін техникалық ерекше нұсқамада техникалық және сапалық сипаттамаларын сипаттау тиісті бөлімдерге бөлінеді, олар техникалық сипаттама өлшемдерін және қызмет көрсетуді тағайындауды қамтиды. Көрсету сапасы осындай жұмыстарды, қызметті көрсететін қызметкердің біліктілігіне байланысты болатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметті сатып алған жағдайда техникалық ерекше нұсқамада қызметкердің оған жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті кәсіби дайындық деңгейін және профилін, жұмыс стажын айқындайтын оған қойылатын талаптардың сипаты беріледі.
Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асырған кезде техникалық ерекше нұсқаманың орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама қоса беріледі. Бұл ретте Ұлттық Банкте қорғалуы тиіс мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жекелеген сызбалар (схемалар) сатып алу туралы шартқа және құпия ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қойылғаннан кейін жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізушіге беріледі.
Жұмыстарға арналған техникалық ерекше нұсқамада құрылыс алаңының, географиялық, инженерлік-геологиялық және басқа да ерекше табиғи жағдайлардың қысқаша сипаты, инфрақұрылым мен коммуникацияның болуы, жергілікті ресурстардың сипаты, стандарттар мен техникалық нормативтер жүйесі, сондай-ақ объектіні пайдалануға беру кезінде қайшылықтарды болдырмайтын объектінің толық құрамы, аумақты инженерлік дайындау, өндіріс технологиясы мен жабдық, инженерлік қамтамасыз ету, пайдаланылатын материалдар мен конструкциялар, объектіні жарақтандыру және басқалары жөніндегі талаптар көрсетілуі тиіс. Тиісті нормативтік-техникалық құжаттамаға жасалатын сілтемені көрсетуге рұқсат беріледі.
Әлеуетті жеткізуші белгіленген талаптарға сай келетін техникалық ерекше нұсқаманы ұсынады.
Тапсырыс беруші
бөлімшесінің басшысы
Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
2 Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін және олардың маңыздылығының шамасын бағалау өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2026 жылғы __ ________
№ ___ қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің, оның ведомстволарының,
оның құрылымына кіретін ұйымдардың
және дауыс беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да көп
пайызы Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның
сенімгерлік басқаруындағы заңды
тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу, бақылау және
қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның
тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді иеленуі қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Бекітілді
_____________
(тапсырыс берушінің
шешімі, қабылданған
күні мен нөмірі
көрсетіледі)
Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін және олардың маңыздылығының шамасын бағалау өлшемшарттары
Әлеуетті жеткізушіге әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін және олардың маңыздылығының шамасын бағалаудың мына өлшемшарттары қолданылады:
1)...
2) …
Тапсырыс беруші
бөлімшесінің басшысы Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
3 Сатып алуға қатысуға келісім
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2026 жылғы __ ________
№ ___ қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің, оның ведомстволарының,
оның құрылымына кіретін ұйымдардың
және дауыс беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да көп
пайызы Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның
сенімгерлік басқаруындағы заңды
тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу, бақылау және
қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның
тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді иеленуі қағидаларына
6-қосымша
Сатып алуға қатысуға келісім
1 1.______________________________________________________________
(әлеуетті жеткізушінің толық атауы көрсетіледі)
_______________________________________________________________
(сатып алудың толық атауы көрсетілді)
сатып алуға әлеуетті жеткізуші ретінде қатысуға ниет білдіреді және сатып алудың көзделген талаптары мен шарттарына сәйкес тауарларды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді (қажеттісін көрсету) жүзеге асыруға келісім білдіреді.
2 2. Әлеуетті жеткізуші егер:
1 1) әлеуетті жеткізушінің құрылтайшылары, акционерлері, әлеуетті жеткізуші басшылары тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) қызметкерлері болып және жеткізушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болған жағдайда;
2
2) әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның қызметкерінің тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) өткізілетін сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетпеуі, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысқан жағдайда;
3 3) әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде орындалмаған міндеттемелері болған жағдайда;
4 4) әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушысының) мемлекеттік сатып алу бойынша орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелері болған жағдайда;
5 5) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлесіп орындаушы) бұрын жасалған сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған жеткізушілердің, сондай-ақ сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті жеткізушілердің дерекқорында тұрған жағдайда;
6 6) әлеуетті жеткізушіге және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) қатысты банкроттық және (немесе) тарату рәсімі жүргізілетін жағдайда;
7
7) әлеуетті жеткізуші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) және (немесе) олардың басшылары, құрылтайшылары (ірі акционерлері) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жағдайда;
8 8) әлеуетті жеткізуші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) тіркеу орны жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердің тізбесіне енгізілген мемлекет немесе аумақ болып табылатын заңды тұлға болған жағдайда;
9 9) әлеуетті жеткізуші мен әлеуетті жеткізушінің үлестес тұлғасы бір тендерге (лотқа) қатысқан жағдайда;
10 10) байланыс арнасының қызметтерін (негізгі желі) сатып алуға қатысатын әлеуетті жеткізуші тапсырыс беруші үшін байланыс арнасының (резервтік желі) қызметтерін көрсететін жеткізуші болған жағдайда;
11
11) байланыс арнасының қызметтерін (резервтік желі) сатып алуға қатысатын әлеуетті жеткізуші тапсырыс беруші үшін байланыс арнасының (негізгі желі) қызметтерін көрсететін жеткізуші болған жағдайда осы келісіммен тендерлік өтінімді, баға ұсынысын қабылдамауға, шартты тікелей жасасу тәсілімен сатып алуды өтпеді деп танылғанына келіседі.
3 3. Осы арқылы әлеуетті жеткізушінің
_______________________________________________________________,
(тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауын көрсету)
сатып алу туралы шартының талаптарымен, сондай-ақ Қағидалардың 192-тармағында көзделген жағдайларда тапсырыс берушінің осы сатып алу туралы шартты біржақты бұзуына келісімі білдіріледі.
4
4. Сатып алу талаптарымен танысқанымызды және тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) немесе тендерлік комиссияға жеткізілетін тауарға (тауарларға), орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы дәйексіз мәлімет ұсынғаны үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қағидаларда көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгенін растаймыз.
5 5. Біздің тендерлік өтінім тендерлік өтінімдерді ашқан күннен бастап кемінде 90 (тоқсан) күн ішінде қолданыста болады.
6 6. Біздің тендерлік өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді сатып алу туралы шарттың жобасында көрсетілген мөлшерде енгіземіз.
7 7. Сатып алу туралы шартты жасасқанға дейін тендерлік өтінім тапсырыс беруші мен біздің арамыздағы міндетті сатып алу шартының рөлін орындайтын болады.
📌 Ескертпе.
5, 6, 7-тармақтар тендер тәсілімен сатып алуға қатысқан жағдайда толтырылады.
_______________________________________________________________
(әлеуетті жеткізуші басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы (электрондық сатып алуды өткізу кезінде электрондық цифрлық қолтаңба)
4 Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2026 жылғы __ ________
№ ___ қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің, оның ведомстволарының,
оның құрылымына кіретін ұйымдардың
және дауыс беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да көп
пайызы Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның
сенімгерлік басқаруындағы заңды
тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу, бақылау және
қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның
тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді иеленуі қағидаларына
8-қосымша
__________________________________________________
(әлеуетті жеткізушінің атауы)
баға ұсынысы
(лоттың нөмірі көрсетіле отырып, әрбір лотқа жеке толтырылады)
№
Мазмұны
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы
1
Қысқаша сипаты
2
Шығарған елі (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде толтырылмайды)
3
Өндіруші зауыт (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде толтырылмайды)
4
Өлшем бірлігi
5
ИНКОТЕРМС 2000 және (немесе) 2010 (межелі орны) ________ талаптарымен ______ біреуінің _________ бағасы
6
Саны (көлемі)
7
Барлық бағасы =________5-жолды х 6-жолды
8
Әлеуеттi жеткізушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, салықтарды, төлемдерді мен алымдарды төлеуге арналған шығыстарын, жинақтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектердің, бір өлшем бірлігіне пайдаланудың бастапқы мерзімi ішінде қызмет көрсетуге арналған құнын, сондай-ақ ҚҚС сомасын шегергенде, тауарды жеткізу, жұмысты орындау, қызметті көрсету талаптарында көзделген басқа да шығыстарды қоса алғанда, ИНКОТЕРМС 2000 және (немесе) 2010 (межелі орны)_____ талаптарымен _____ жалпы бағасы (әлеуетті жеткізушінің барлық шығыны ескеріле отырып қаралады және қайта қаралмайды)
_________________________________________________________________
(Әлеуетті жеткізуші басшысының не ол уәкілеттік берген адамның қолы)
(Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
5 Тендерде сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлескен орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті жеткізуші қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлері ______________________________________ (тендердің толық атауын көрсету қажет)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2026 жылғы __ ________
№ ___ қаулысына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің, оның ведомстволарының,
оның құрылымына кіретін ұйымдардың
және дауыс беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да көп
пайызы Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның
сенімгерлік басқаруындағы заңды
тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу, бақылау және
қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның
тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін
қызметтерді иеленуі қағидаларына
9-қосымша
Нысан
Тендерде сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлескен орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті жеткізуші қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлері
______________________________________
(тендердің толық атауын көрсету қажет)
№
Қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушы) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) БСН (ЖСН), оның толық заңды және (немесе) пошталық мекенжайы, байланыс телефоны
Техникалық ерекше нұсқамаға сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) атауы
Техникалық ерекше нұсқамаға сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ақшалай мәндегі көлемі
Техникалық ерекше нұсқамаға сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) пайыздық мәндегі көлемі
Осы қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) бойынша барлығы
теңге
көлемінің %
Осы қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) бойынша барлығы
теңге
көлемінің %
Барлық қосалқы мердігерлер (бірлескен орындаушылар) бойынша жиынтығы
теңге
көлемінің %
Осы арқылы тендерге (тендердің толық атауын көрсету) қатысуға өтінім беретін әлеуетті жеткізушінің қосалқы мердігері (және) бірлескен орындаушысы көрсетілген сатып алуға қатысудың талаптары туралы өзінің хабардар екендігін білдіреді және әлеуетті жеткізушінің қосалқы мердігерлеріне (бірлескен орындаушыларына) қатысты бөлігінде тендердің шарттарында көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайды.
Қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қолы
Әлеуетті жеткізушінің жұмыстардың және (немесе) қызметтердің жалпы көлемінің үштен екі бөлігінен асатын жұмыстардың және (немесе) қызметтердің, оның ішінде ілеспе қызметтердің көлемін қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) беруіне жол берілмейді.