Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 августа 2018 года № 197 «Об утверждении Правил расчета годовой эффективной ставки вознаграждения по договору займа»

Қаулы · № 184 · қабылданған 11.11.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-197/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 августа 2018 года № 197 «Об утверждении Правил расчета годовой эффективной ставки вознаграждения по договору займа» Қолданыста Қаулы ·№ 184 ·11.11.2019
11.11.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 августа 2018 года № 197 «Об утверждении Правил расчета годовой эффективной ставки вознаграждения по договору займа»

Қолданыста Қаулы ·№ 184 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 августа 2018 года № 197 «Об утверждении Правил расчета годовой эффективной ставки вознаграждения по договору займа»
Атауы (қаз.)
«Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 197 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
184
Қабылданған күні
11.11.2019
Көрсетілген редакция
11.11.2019 136119_431799.kaz
Соңғы өзгеріс
11.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019609
ЭКБ идентификаторы
136119
Редакция идентификаторы
136119_431799
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:55

0 «Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 197 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 725-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы №197 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17464 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) көрсетілген қаулының кіріспесінде «және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 86-2) тармақшасына» деген сөздер алып тасталсын;

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларында:

1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 725-1 бабына сәйкес қарыз алушы-жеке тұлғамен жасалатын қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртiбiн белгілейді.»;
1-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасында «микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне қарыз сомасын қайтару және (немесе) қарыз шарты бойынша сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл) қосылмайды.».

2 2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және

3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы