Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение маслихата от 27 апреля 2018 года № 223 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества села Октябрьское Карасуского района Костанайской области»

Өзге акт · № 340 · қабылданған 03.09.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-223/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменения в решение маслихата от 27 апреля 2018 года № 223 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества села Октябрьское Карасуского района Костанайской области» Күшін жойған Өзге акт ·№ 340 ·03.09.2019
05.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение маслихата от 27 апреля 2018 года № 223 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества села Октябрьское Карасуского района Костанайской области»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 340 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение маслихата от 27 апреля 2018 года № 223 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества села Октябрьское Карасуского района Костанайской области»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 223 «Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
340
Қабылданған күні
03.09.2019
Көрсетілген редакция
05.02.2020 134604_442611.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NM008651
ЭКБ идентификаторы
134604
Редакция идентификаторы
134604_442611
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:37

0 Мәслихаттың 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 223 «Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 3-1-тармағына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мәслихаттың «Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 223 шешіміне (2018 жылы 28 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7766 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Регламенттің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:
бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
Октябрь ауылы (бұдан әрі - ауыл) бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
ауыл әкімі аппаратының ауылдық коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;
бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
ауыл бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
ауылдың коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
ауыл әкімін сайлауды өткізуге аудан мәслихатына одан әрі ұсыну үшін ауыл әкімінің қызметіне аудан әкімі ұсынған кандидатураларды келісу;
ауыл әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы