О внесении изменения в решение районного маслихата от 27 августа 2018 года № 225 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Айтекебийском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение районного маслихата от 27 августа 2018 года № 225 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Айтекебийском районе»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 225 «Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13
- Қабылданған күні
- 10.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2024 153534_694428.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21CB008109
- ЭКБ идентификаторы
- 153534
- Редакция идентификаторы
- 153534_694428
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:18
0 Аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 225 «Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 225 «Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-162 болып тіркелген, 2018 жылғы 04 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінде және тәртібінде:
6 тармағы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21500 тіркелген бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.».