Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 марта 2018 года № 25/нс «Об утверждении Правил функционирования системы централизованного управления сетями телекоммуникаций Республики Казахстан»

Бұйрық · № 107/қе · қабылданған 31.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-25/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 марта 2018 года № 25/нс «Об утверждении Правил функционирования системы централизованного управления сетями телекоммуникаций Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 107/қе ·31.07.2024
31.07.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 марта 2018 года № 25/нс «Об утверждении Правил функционирования системы централизованного управления сетями телекоммуникаций Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 107/қе · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 марта 2018 года № 25/нс «Об утверждении Правил функционирования системы централизованного управления сетями телекоммуникаций Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 25/қе бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
107/қе
Қабылданған күні
31.07.2024
Көрсетілген редакция
31.07.2024 201293_729970.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034848
ЭКБ идентификаторы
201293
Редакция идентификаторы
201293_729970
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:18

0 «Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 25/қе бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 25/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16783 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2 тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Шет мемлекеттің аумағындғы шетелдік спутниктік байланыс операторларының жерүсті телекоммуникация желілері арқылы ұйымдастырылған спутниктік байланыс желілерінің халықаралық түйісу нүктелерін тіркеу осы Қағидалардың 10 және 11 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
4-2. Спутниктік байланыстың абоненттік құрылғысын Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан және Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісіне қосылған спутниктік байланыс операторының жерүсті станциясымен қосуды спутниктік байланыс операторлары қамтамасыз етеді.
Спутниктік байланыстың абоненттік құрылғысын шетелдік спутниктік байланыс операторының шет мемлекеттің аумағындағы жерүсті станцияларымен қосқан кезде спутниктік байланыстың абоненттік құрылғысының шығыс трафигі тіркелген халықаралық түйісу нүктесі арқылы өтетін қорғалған байланыс арналары бойынша спутниктік байланыс операторының Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан жерүсті станциясына қайта жіберіледі.
Спутниктік байланысты ұйымдастырудың аталған шарттары геостационарлық емес спутниктер қолданылатын байланыс желілерін пайдалану жөніндегі пилоттық жобаларға қолданылмайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметі (Б.Д. Дәрменов):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы