Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение маслихата от 27 декабря 2018 года № 251 «О бюджете Узункольского сельского округа Узункольского района на 2019-2021 годы»

Өзге акт · № 307 · қабылданған 30.09.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-251-2019-2021-ekb-135150/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение маслихата от 27 декабря 2018 года № 251 «О бюджете Узункольского сельского округа Узункольского района на 2019-2021 годы» Қолданыста Өзге акт ·№ 307 ·30.09.2019
30.09.2019 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение маслихата от 27 декабря 2018 года № 251 «О бюджете Узункольского сельского округа Узункольского района на 2019-2021 годы»

Қолданыста Өзге акт ·№ 307 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение маслихата от 27 декабря 2018 года № 251 «О бюджете Узункольского сельского округа Узункольского района на 2019-2021 годы»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 251 «Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылдық округінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
307
Қабылданған күні
30.09.2019
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2019
Көрсетілген редакция
30.09.2019 135150_422993.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NS008690
ЭКБ идентификаторы
135150
Редакция идентификаторы
135150_422993
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:21

0 Мәслихаттың 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 251 «Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылдық округінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106 және 109-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мәслихаттың «Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылдық округінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 251 шешіміне (2019 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8224 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 376943,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 36106,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 126,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 340711,7 мың теңге;
2) шығындар – 376943,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, оның ішінде:
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,0 мың теңге.»;
көрсетілген шешім мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. 2019 жылға арналған Ұзынкөл ауылдық округінің бюджетінде Ұзынкөл ауылын абаттандыруға аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы
трансферттер түсімі 27148,8 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. 2019 жылға арналған ауылдық округтің бюджетінде Ұзынкөл ауылының ішіндегі жолдарды орташа жөндеуге облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі 123790,9 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Ұзынкөл ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі:
азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақасын көтеруге 22741,0 мың теңге сомасында;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақасын көтеруге 1542,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

3 2019 жылға арналған ауылдық округтің бюджеті

Мәслихаттың
2019 жылғы «30» қыркүйектегі
№ 307 шешіміне
1-қосымша
Мәслихаттың
2019 жылғы «27» желтоқсандағы
№ 251 шешіміне
1-қосымша
2019 жылға арналған ауылдық округтің бюджеті
Санаты
Сома, мың теңге
Сыныбы
Iшкi сыныбы
Атауы
I. Кірістер
376943,7
1
Салықтық түсімдер
36106,0
01
Табыс салығы
13234,0
2
Жеке табыс салығы
13234,0
04
Меншiкке салынатын салықтар
22872,0
1
Мүлiкке салынатын салықтар
279,0
3
Жер салығы
788,0
4
Көлiк құралдарына салынатын салық
21805,0
2
Салықтық емес түсiмдер
126,0
01
Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер
94,0
5
Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер
94,0
04
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
20,0
1
Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
20,0
06
Басқа да салықтық емес түсiмдер
12,0
1
Басқа да салықтық емес түсiмдер
12,0
4
Трансферттердің түсімдері
340711,7
02
Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер
340711,7
3
Аудандардан (облыстық маңызы бар қала) трансферттер
340711,7
Функционалдық топ
Сома, мың теңге
Кіші функция
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
Бағдарлама
Атауы
II. Шығындар
376943,7
01
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер
22877,0
1
Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар
22877,0
124
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
22877,0
001
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
22877,0
04
Бiлiм беру
131873,0
1
Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту
131873,0
124
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
131873,0
004
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту және мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
131873,0
07
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
81097,5
3
Елді-мекендерді көркейту
81097,5
124
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
81097,5
008
Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру
11254,0
011
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру
69843,5
12
Көлiк және коммуникация
141096,2
9
Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер
141096,2
124
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
141096,2
013
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету
17305,3
045
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу
123790,9
III. Таза бюджеттік кредиттеу
0,0
IV. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо
0,0
V. Бюджет тапшылығы (профициті)
0,0
VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
0,0

Қолданыстағы