Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 283 «Об утверждении Правил представления уполномоченному органу в области твердых полезных ископаемых годовых (на один финансовый год) и среднесрочных (на пять финансовых лет) программ закупа товаров, работ и услуг, а также информации о планируемом закупе возмездных услуг оператора»

Бұйрық · № 605 · қабылданған 01.08.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-283/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 283 «Об утверждении Правил представления уполномоченному органу в области твердых полезных ископаемых годовых (на один финансовый год) и среднесрочных (на пять финансовых лет) программ закупа товаров, работ и услуг, а также информации о планируемом закупе возмездных услуг оператора» Қолданыста Бұйрық ·№ 605 ·01.08.2019
01.08.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 283 «Об утверждении Правил представления уполномоченному органу в области твердых полезных ископаемых годовых (на один финансовый год) и среднесрочных (на пять финансовых лет) программ закупа товаров, работ и услуг, а также информации о планируемом закупе возмездных услуг оператора»

Қолданыста Бұйрық ·№ 605 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 283 «Об утверждении Правил представления уполномоченному органу в области твердых полезных ископаемых годовых (на один финансовый год) и среднесрочных (на пять финансовых лет) программ закупа товаров, работ и услуг, а также информации о планируемом закупе возмездных услуг оператора»
Атауы (қаз.)
«Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 283 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
605
Қабылданған күні
01.08.2019
Көрсетілген редакция
01.08.2019 133843_416958.kaz
Соңғы өзгеріс
01.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019192
ЭКБ идентификаторы
133843
Редакция идентификаторы
133843_416958
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:55

0

«Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 283 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 283 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16950 болып тіркелген, 2018 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 213-бабының 4-тармағына, сәйкес әзірленген және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну тәртібін айқындайды.»;
1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі

1 Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
2019 жылғы «___»_______
№____ бұйрығына
1-қосымша
Пайдалы қатты қазбалар
саласындағы уәкілетті органға
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді сатып
алудың жылдық (бір қаржы
жылына арналған) және орта
мерзімді (бес қаржы жылына
арналған) бағдарламаларын,
сондай-ақ оператордың өтеулі
көрсетілетін қызметтерін
жоспарланған сатып алу туралы
ақпаратын ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы
Индекс: 1-ЖСБ.
Мерзімділігі: жыл сайын.
Ұсынылатын тұлғалар тобы: пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылар.
Қайда беріледі: пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы туралы ақпаратты пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Берілу мерзімі: жыл сайын бірінші ақпаннан кешіктірмей немесе пайдалы қатты қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия (келісімшарт) тіркелген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей.
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гізу­ге ар­нал­ған жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ның (ке­лі­сім­шар­ттың) тір­кеу нө­мі­рі
Са­тып алы­на­тын заттың ко­ды
ӨСЖ бой­ын­ша ТЖКҚ ко­ды
Са­тып алы­на­тын ТЖКҚ ата­уы мен қы­сқа­ша (қо­сым­ша) си­патта­ма­сы
Өл­шем бір­лі­гі
Заттай тү­рін­де са­тып алу­ға жос­пар­лан­ған мөл­шер
ҚҚС есеп­ке ал­ма­ған­да, са­тып алу­ға жос­пар­лан­ған со­ма­сы, мың тең­ге
Са­тып алу тә­сі­лі
Жет­кі­зу ор­ны
Са­тып алу­ды өт­кі­зу қыз­мет көр­се­ту­ді ба­стау мер­зі­мі
Қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Та­у­ар­лар
Жұ­мыстар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылардың атауы_______________
Мекенжайы ______________________________
Телефон_______________________________________
Электрондық почта мекенжайы_______________________________________
Орындаушы _______________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)__________қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)_________қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) ___________________
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ТЖҚ – тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;
ӨСЖ – өнімнің статистикалық жіктеуіші;
ҚҚС – қосылған құн салығы.
Ескертпе: Осы нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

1.1 (1-ЖСБ, жыл сайын) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламаларының нысанына
қосымша
(1-ЖСБ, жыл сайын)
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын жасау тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысанын (1-қосымша) алдағы жылға жоспарланған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ақпаратпен толтыру жолымен жүзеге асырылады, ол әрбір тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет бойынша келесі тәртіппен жолма-жол, жеке тәртіпте толтырылады:

1 1) 1-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның (келісімшарттың) тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2 2) 2-бағанда сатып алу затының коды көрсетіледі;

3

3) 3-бағанда өнімнің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) статистикалық жіктеуішіне сәйкес 10 таңба деңгейінде тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі. 2000 жылға арналған жұмыс бағдарламасының әдіснамалық жұмыстарының 5.1-тармағына (Кеңес мақұлдаған Тәүелсіз Мемлекеттер Достастығы статистикалық қызметтерінің басшылары 1998 жылғы 11-16 қазан 16-отырыста және өзгертіліп 1999 жылғы 14-17 мамырдың 17-ші отырыста) сәйкес өнімнің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) сыныптауыштарға жіктеуішін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Статистикалық комитеті әзірледі және www.cisstat.com/class/razdel/skp2006_c.pdf интернет-ресурсына орналастырылған;

4 4) 4-бағанда сатып алынатын тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттар, қасиеттері және сипаттамалары) көрсетіледі);

5 5) 5-бағанда тауардың өлшем бірлігі көрсетіледі. Баған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толтырылмайды;

6 6) 6-бағанда тауардың көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай көріністе тауарды сатып алудың жоспарланған көлемі көрсетіледі. Баған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толтырылмайды;

7 7) 7-бағанда қосылған құн салығын есепке алмай тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жоспарланған сомасы мың теңгемен көрсетіледі (жүздік үлестермен бөлшек сан);

8 8) 8-бағанда тауарды, жұмысты немесе қызметті сатып алу тәсілі көрсетіледі;

9 9) 9-бағанда тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу орны көрсетіледі;

10 10) 10-бағанда сатып алуды өткізу көрсетілетін қызметтерін көрсетудің басталу мерзімі көрсетіледі;

11 11) 11-бағанда қызметті көрсету мерзімі көрсетіледі.

2 Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламасы

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
2019 жылғы «___»_______
№____ бұйрығына
2-қосымша
Пайдалы қатты қазбалар
саласындағы уәкілетті органға
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді сатып
алудың жылдық (бір қаржы
жылына арналған) және орта
мерзімді (бес қаржы жылына
арналған) бағдарламаларын,
сондай-ақ оператордың өтеулі
көрсетілетін қызметтерін
жоспарланған сатып алу туралы
ақпаратын ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламасы
Индекс: 1-ОСБ.
Мерзімділігі: жыл сайын.
Ұсынылатын тұлғалар тобы: пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылар.
Қайда беріледі: пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы туралы ақпаратты пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Берілу мерзімі: жоспарланған бес жылдың кезеңнің бірінші жылының бірінші ақпаннан кешіктірмей келісімшарт жасалған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей.
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гізу­ге ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ның (ке­лі­сім­шар­ттың) тір­кеу нө­мі­рі
Са­тып алы­на­тын заттың ко­ды
ӨСЖ бой­ын­ша ТЖКҚ ко­ды
Са­тып алы­на­тын ТЖКҚ ата­уы мен қы­сқа­ша (қо­сым­ша) си­патта­ма­сы
Өл­шем бір­лі­гі
Заттай тү­рін­де са­тып алу­ға жос­пар­лан­ған мөл­шер
ҚҚС есеп­ке ал­ма­ған­да, са­тып алу­ға жос­пар­лан­ған со­ма­сы, мың тең­ге
Са­тып алу тә­сі­лі
Са­тып алу­ды өт­кі­зу мер­зі­мі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Та­у­ар­лар
Жұ­мыстар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылардың атауы_______________
Мекенжайы ______________________________
Телефон_______________________________________
Электрондық почта мекенжайы_______________________________________
Орындаушы _______________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)__________қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)_________қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) ___________________
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ТЖҚ - тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;
ӨСЖ - өнімнің статистикалық жіктеуіші;
ҚҚС - қосылған құн салығы.
Ескертпе: Осы нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

2.1 (1-ОСБ, жыл сайын) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

Тауарларды, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді
сатып алудың орта
мерзімді (бес қаржы жылына)
бағдарламаларының нысанына
қосымша
(1-ОСБ, жыл сайын)
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

1 1) 1-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарттың нөмірі көрсетіледі;

2 2) 2-бағанда сатып алу затының коды көрсетіледі;

3

3) 3-бағанда өнімнің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) статистикалық жіктеуішіне сәйкес 10 таңба деңгейінде тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі. 2000 жылға арналған жұмыс бағдарламасының әдіснамалық жұмыстарының 5.1-тармағына (Кеңес мақұлдаған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының статистикалық қызметтерінің басшылары 1998 жылғы 11-16 қазан 16-отырыста және өзгертіліп 1999 жылғы 14-17 мамырдың 17-ші отырыста) сәйкес өнімнің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) сыныптауыштарға жіктеуіші Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Статистикалық комитеті әзірледі және www.cisstat.com/class/razdel/skp2006_c.pdf интернет-ресурсына орналастырылған;

4 4) 4-бағанда тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттар, қасиеттері және сатып алынатын сипаттамалары) көрсетіледі;

5 5) 5-бағанда тауардың өлшем бірлігі көрсетіледі;

6 6) 6-бағанда заттай көріністе тауарды сатып алудың жоспарланған көлемі көрсетіледі;

7 7) 7-бағанда қосылған құн салығы есебінсіз тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жоспарланған сомасы құндық көріністе мың теңгемен көрсетіледі (жүздік үлестері бар бөлшек сан);

8 8) 8-бағанда тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті сатып алу тәсілі көрсетіледі;

9 9) 9-бағанда тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу мерзімі көрсетіледі.

3 Оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
2019 жылғы «___»_______
№____ бұйрығына
3-қосымша
Пайдалы қатты қазбалар
саласындағы уәкілетті органға
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді сатып
алудың жылдық (бір қаржы
жылына арналған) және орта
мерзімді (бес қаржы жылына
арналған) бағдарламаларын,
сондай-ақ оператордың өтеулі
көрсетілетін қызметтерін
жоспарланған сатып алу туралы
ақпаратын ұсыну қағидаларына
3-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
Оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпарат
Индекс: 1-ЖС.
Мерзімділігі: жыл сайын.
Ұсынылатын тұлғалар тобы: пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылар.
Қайда беріледі: пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы туралы ақпаратты пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Берілу мерзімі: оператордың өтемдік қызметтерін тартқан жағдайда.
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гізу­ге ар­нал­ған жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ның (ке­лі­сім­шар­ттың) тір­кеу нө­мі­рі
Са­тып алы­на­тын заттың ко­ды
Өнім­нің ста­ти­сти­ка­лық жік­те­уі­ші бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ко­ды
Са­тып алу­ды өт­кі­зу ор­ны
Са­тып алу­ды өт­кі­зу мер­зі­мі
Са­тып алу кө­ле­мі
1
2
3
4
5
6
Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушылардың атауы_______________
Мекенжайы ______________________________
Телефон_______________________________________
Электрондық почта мекенжайы_______________________________________
Орындаушы _______________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)__________қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)_________қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) ___________________
Ескертпе: Осы нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

3.1 (1-ЖС, жыл сайын) оператордың өтемдік қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

Оператордың өтемдік қызметтерді жоспарланған сатып алу нысанға
қосымша
(1-ЖС, жыл сайын) оператордың өтемдік қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы жинауға арналған
нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Оператордың өтемдік қызметтерді жоспарланған сатып алуды жасау (3-қосымша) ақпаратпен жолма-жол, әрбір келісімшарт бойынша жеке мынадай тәртіппен толтырылады:

1 1) 1-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған актінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2 2) 2-бағанда сатып алу затының коды көрсетіледі;

3

3) 3-бағанда өнімнің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) статистикалық жіктеуішіне сәйкес 10 таңба деңгейінде тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі. (Кеңес мақұлдаған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының статистикалық қызметтерінің басшылары 1998 жылғы 11-16 қазан 16-отырыста және өзгертіліп 1999 жылғы 14-17 мамырдың 17-ші отырыста) 2000 жылға арналған жұмыс бағдарламасының әдіснамалық жұмыстарының 5.1-тармағына сәйкес өнімнің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) сыныптауыштарға жіктеуішін Тәүелсіз Мемлекеттер Достастығының Статистикалық комитеті әзірледі және www.cisstat.com/class/razdel/skp2006_c.pdf интернет-ресурсына орналастырылған;

4 4) 4-бағанда сатып алуды өткізу орны көрсетіледі;

5 5) 5-бағанда сатып алуды өткізу мерзімі көрсетіледі;

6 6) 6-бағанда сатып алудың жоспарланған көлемі көрсетіледі.

Қолданыстағы