Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 29 «Об утверждении Правил ведения и использования специальных учетов лиц, совершивших уголовные правонарушения, привлекаемых к уголовной ответственности, лиц, привлеченных к уголовной ответственности за совершение уголовного правонарушения и дактилоскопического учета задержанных, содержащихся под стражей и осужденных лиц»

Бұйрық · № 159 · қабылданған 20.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-29-ekb-137388/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 29 «Об утверждении Правил ведения и использования специальных учетов лиц, совершивших уголовные правонарушения, привлекаемых к уголовной ответственности, лиц, привлеченных к уголовной ответственности за совершение уголовного правонарушения и дактилоскопического учета задержанных, содержащихся под стражей и осужденных лиц» Қолданыста Бұйрық ·№ 159 ·20.12.2019
20.12.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 29 «Об утверждении Правил ведения и использования специальных учетов лиц, совершивших уголовные правонарушения, привлекаемых к уголовной ответственности, лиц, привлеченных к уголовной ответственности за совершение уголовного правонарушения и дактилоскопического учета задержанных, содержащихся под стражей и осужденных лиц»

Қолданыста Бұйрық ·№ 159 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 29 «Об утверждении Правил ведения и использования специальных учетов лиц, совершивших уголовные правонарушения, привлекаемых к уголовной ответственности, лиц, привлеченных к уголовной ответственности за совершение уголовного правонарушения и дактилоскопического учета задержанных, содержащихся под стражей и осужденных лиц»
Атауы (қаз.)
«Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
159
Қабылданған күні
20.12.2019
Көрсетілген редакция
20.12.2019 137388_433505.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019754
ЭКБ идентификаторы
137388
Редакция идентификаторы
137388_433505
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:14

0 «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық

жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 сәуірде Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларында:
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«69. Адамдар ақталған, сондай-ақ қылмыстық істер ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлiгiнiң 1), 2), 5), 7), 8) және 13) тармақтарында (1997 жылғы редакцияда), ҚР ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлiгiнiң 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында (2014 жылғы редакцияда) көзделген негіздер бойынша немесе маңызы аз болуына байланысты тоқтатылған жағдайда, көрсетілген адамдарға қатысты ҚС ҚАҚБ-ға АЕ ААЖ-да мәліметтерді есептен алу туралы сұрау салу жіберіледі, міндетті түрде Комитеттің аумақтық органының тегі бойынша есепке алуды жүргізуге жауапты қызметкерімен куәландырылған («графикалық көшірме салынды» тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, органы көрсетілген) растайтын құжаттардың графикалық көшірмелері (процестік шешімдер, ақтау туралы анықтамалар және басқалары) қоса тіркеледі.
Осыған ұқсас, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 9 қарашадағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейінгі 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 10-тармағына сәйкес жасының толмауына байланысты тоқтатылған (қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған) қылмыстық істер бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты мәліметтер есептен алынады.
Сондай-ақ, ҚР ҚПК-нің 33-бабымен (1997 жылғы редакцияда) көзделген жеке түрде қылмыстық қудалау жүзеге асырылған ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 6-тармағына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға қатысты мәліметтер есептен алынады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың көшірмесінің Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрықтың көшірмесінің құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз
ету департаменті
(Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының аппараты)
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет)
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы