О внесении изменений и дополнений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 29 «Об утверждении Правил ведения и использования специальных учетов лиц, совершивших уголовные правонарушения, привлекаемых к уголовной ответственности, лиц, привлеченных к уголовной ответственности за совершение уголовного правонарушения и дактилоскопического учета задержанных, содержащихся под стражей и осужденных лиц»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 29 «Об утверждении Правил ведения и использования специальных учетов лиц, совершивших уголовные правонарушения, привлекаемых к уголовной ответственности, лиц, привлеченных к уголовной ответственности за совершение уголовного правонарушения и дактилоскопического учета задержанных, содержащихся под стражей и осужденных лиц»
- Атауы (қаз.)
- «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 163
- Қабылданған күні
- 25.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2020 150762_505349.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021947
- ЭКБ идентификаторы
- 150762
- Редакция идентификаторы
- 150762_505349
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:32
0
«Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 10 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу және пайдалану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 12-2) тармақшасына, 12-бабының 3 және 4-тармақтарының 1), 2), 6-1), 16-1) тармақшаларына сәйкес адамдардың бірыңғай есепке алуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.»;
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«69. Адамдар ақталған, сондай-ақ қылмыстық істер ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 7), 8) және 13) тармақтарында (1997 жылғы редакцияда), ҚР ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында (2014 жылғы редакцияда) көзделген негіздер бойынша немесе маңызы аз болуына байланысты тоқтатылған жағдайда, ҚС ҚАҚБ-да көрсетілген адамдарға қатысты АЕА ААЖ-да мәліметтерді есептен алу туралы сұрау салу жіберіледі, міндетті түрде Комитеттің аумақтық органының тегі бойынша есепке алуды жүргізуге жауапты қызметкері куәландырған («графикалық көшірме салынды» тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, органы) құжаттардың графикалық көшірмелері (процестік шешімдер, ақтау туралы анықтамалар және басқалары) қоса тіркеледі.
Осыған ұқсас, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін 1998 жылғы 1 қаңтар - 2011 жылғы 25 қараша аралығындағы кезеңде ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 10-тармағына сәйкес, жасының толмауына байланысты тоқтатылған (қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған) қылмыстық істер бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты мәліметтер есептен алынады.
Сондай-ақ, ҚР ҚПК-нің 33-бабының бірінші бөлігімен (1997 жылғы редакцияда) көзделген жекеше тәртіпте қылмыстық қудалау жүзеге асырылған ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 6-тармағына сәйкес жеке айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға қатысты мәліметтер есептен алынады.»;
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«79. Адамдарға қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдардың, мекемелер мен өзге де ұйымдардың сұрау салулары бойынша, тексеру негіздеріне қарамастан, Комитетте және оның аумақтық органдарында тексеру күнінде мынадай адамдар туралы қолда бар барлық мәліметтер ұсынылады:
1) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандар, қылмыстық жауаптылыққа тартылғандар;
2) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылғандар, сотталғандар, оның ішінде соттылықтың өтелуіне, алынуына, жазаға тартылу, соттау және жазаны өтеу күніне қарамастан, шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын өтеп жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты;
3) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылғандар не оларға қатысты қылмыстық істер тоқтатылғандар, мынадай жағдайларды қоспағанда:
ақтайтын негіздер бойынша;
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 9 қарашадағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін 1998 жылғы 1 қаңтардан 2011 жылғы 25 қарашаға дейінгі кезеңде ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 10-тармағы бойынша;
ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 6-тармағы бойынша, ҚР ҚПК-нің 33-бабының бірінші бөлігімен (1997 жылғы редакцияда) көзделген қылмыстар бойынша - жеке айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда;
4) ҚР ҚПК-нің 37-бабы 1-бөлігінің 3, 4, 6, 9, 10, 11 және 12-тармақтары (1997 жылғы редакцияда) негізінде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылғандар, мынадай негіздермен іс қозғаудан бас тартуды қоспағанда:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін 1998 жылғы 1 қаңтар - 2011 жылғы 25 қараша аралығы кезеңінде ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 10-тармағы бойынша;
ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 6-тармағы бойынша, ҚР ҚПК-нің 33-бабының бірінші бөлігімен (1997 жылғы редакцияда) көзделген қылмыстар бойынша - жеке айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда;
5) іздеуде жүргендер (күдіктілер, айыпталушылар, борышкерлер/ жауапкерлер, хабар-ошарсыз жоғалғандар);
6) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танығандар;
7) әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдардың есебінде тұрғандар;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдардың есебінде тұрғандар;
9) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен шығарылғандар;
10) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағандар.»;
16-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«16-тарау. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған есептегі адамдар туралы мәліметтерді жариялау және оны жариялаудан алудың тәртібі»
100. Комитет мынадай адамдар:
1) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы құқық бұзушылық жасағаны үшін олар жазасын өтегеннен кейін бостандықта жүрген, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза қолданылып, мынадай:
1991 жылғы 1 қаңтар - 1997 жылғы 31 желтоқсан аралығы кезеңінде Қазақ ССР Қылмыстық кодексінің 101, 102, 103 және 104-баптары бойынша;
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы енгізілгенге дейін 1998 жылғы 1 қаңтар - 2010 жылғы 7 желтоқсан аралығы кезеңінде ҚР ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің «д» тармағы және 3-бөлігінің «в» тармағы, 121-бабы 2-бөлігінің «д» тармағы және 3-бөлігінің «в» тармағы, 122, 124-баптары бойынша;
2010 жылғы 8 желтоқсан - 2014 жылғы 31 желтоқсан аралығы кезеңінде ҚР ҚК-нің 120-бабы 3-бөлігінің «в, д» тармақтары, 4-бөлігі, 121-бабы 3-бөлігінің «в, г» тармақтары, 4-бөлігі, 122, 124-баптары бойынша;
ҚР ҚК 3-бабының, 42) тармағы бойынша 2015 жылғы 1 қаңтар кезеңінен қолданыстағы редакцияда;
2) есі дұрыс емес кезде кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттер жасаған, оларға қатысты ҚР ҚПК 37-бабының 1-бөлігінің 9-тармағы (1997 жылғы редакцияда), ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 9-тармағы (2014 жылғы редакцияда) негізінде қылмыстық істер тоқтатылған адамдар туралы мәліметтерді жариялайды.
101. Кәмелеттік жаста (18 жастан бастап) жас балаларға қатысты (14 жасқа дейін) қылмыстық құқық бұзушылық жасағандар туралы мәліметтер жариялауға жатады.
Осы Қағидалардың 20-қосымшасына сәйкес жариялануға жататын кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер және кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке қоюдың негізділігі туралы қорытынды (бұдан әрі - есепке қою туралы қорытынды) жариялауға негіз болып табылады.
102. Комитеттің аумақтық органының қызметкері:
1) осы Қағидалардың 100-тармағында атап көрсетілген есепке алынатын адамдар туралы ҚР ІІМ ҚАЖ аумақтық органының электрондық хабарламасы келіп түскен сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде:
есепке алынатын адамдардың нақты тұрғылықты орнын анықтау үшін ішкі істер органдарына сұрау салу жібереді;
ішкі істер органдары ақпаратының негізінде есепке қою туралы қорытынды жасайды және оған Комитеттің аумақтық органының басшылығы қол қояды;
АЕА ААЖ-дан мәліметтердің шынайылығын тексереді және АЕА ААЖ-да есепке қою туралы қорытындының куәландырылған графикалық көшірмесін салады;
осы Қағидалардың 20-қосымшасына сәйкес нысанда кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жариялауға жататын адамдар туралы мәліметтерді Комитетке жібереді:
2) мыналарға:
ҚР ІІМ ҚАЖ-дың аумақтық органдарымен бірге ай сайын келесі есеп кезеңінің 3-күніне Қағидалардың 100-тармағында көрсетілген баптар бойынша сотталған, пробациялық есепте тұратын адамдар туралы мәліметтерге тексеріп салыстыру жүргізеді. Тексеріп салыстыру актісі осы Қағидалардың 10-қосымшасына (адамдар тізімі) сәйкес нысанда ресімделеді;
психиатриалық медициналық мекемелермен бірге тоқсан сайын есеп кезеңінің 15-күніне осы Қағидалардың 100-тармағының 2) тармақшасында және 108-тармағының 4) тармақшасында атап өтілген, АЕА ААЖ және СДТБТ-да бар мәліметтерге тексеріп салыстыру жүргізеді. Тексеріп салыстыру актісі осы Қағидалардың 21-қосымшасына сәйкес нысанда ресімделеді;
Ауытқулар анықталған кезде дереу АЕА ААЖ деректеріне сәйкес келтіру қажет;
3) мыналарға:
сот органдарының ақпараттық жүйесімен бірге осы Қағидалардың 100-тармағында көрсетілген және бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жаза қолданылған заңды күшіне енген сот актілері шығарылған адамдар бойынша ай сайын келесі есепті кезеңнің 5-күнінде АЕА ААЖ, СДТБТ-ның мәліметтеріне;
тоқсан сайын келесі есепті кезеңнің 5-күніне Қағидалардың 100-тармағында көрсетілген баптар бойынша ҚР ІІМ ҚАЖ ОАДБ және АЕА ААЖ-ның сотталған адамдардың бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы туралы электронды хабарлама мәліметтеріне мониторинг жүргізеді;
Ауытқулар анықталған кезде дереу АЕА ААЖ деректеріне сәйкес келтіру қажет;
4) арнайы есепке алудың субъектілерінен ақпарат келіп түскен сәттен 5 жұмыс күні ішінде Комитеттің басқа аумақтық органына есептегі адамның тұрғылықты жерінің аймағы ауысқаны не бас бостандығынан айыру орындарынан басқа облысқа ауысқаны туралы хабарлама жібереді.
103. Жарияланатын мәліметтердің толықтығын, уақтылығын және шынайылығын Комитеттің аумақтық органдарының жауапты қызметкерлері қамтамасыз етеді.
104. Комитет:
1) жариялауға жататын адамдар туралы мәліметтер келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде ҚС ҚАҚБ толықтығын және негізділігін тексереді және Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарымен келіседі және Комитеттің ақпараттандыру және цифрлық даму басқармасына (бұдан әрі – АЦДБ) жариялау үшін жібереді;
2) ҚС ҚАҚБ-дан ақпарат келіп түскен күні бір жұмыс күні ішінде АЦДБ жариялауды жүзеге асырады.
Жариялау аталған мәліметтерді «Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың картасында» (бұдан әрі – адамдар картасы) интернет-порталында көрсету арқылы жүзеге асырылады.
105. Адамдар туралы жарияланатын мәліметтер сауалнамалық деректерді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жылы, тұрғылықты жері (жеке секторда үйдің, пәтердің нөмірін көрсетусіз) туралы ақпаратты құрайды.
106. Есепте тұрған адамдардың суреттерін жариялау үшін АЦДБ-ның қызметкері ҚАО АОЖ-дан сұратып алады.
107. Есепте тұрған адамды жариялаудан алу үшін мыналар:
1) адамның қайтыс болуы;
2) 95 жасқа толуы;
3) ҚР ҚК-нің нормаларына сәйкес соттылықтың жойылуы;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мамандандырылған медициналық мекемелері және ұйымдарымен берілген сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысына, медициналық қорытындыға не осы Қағидалардың 100-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар туралы мәліметтерге сәйкес, соттың күшіне енген шешіміне сәйкес есептегі адамды есі дұрыс деп тануы негіз болып табылады.
108. Адамдар картасында жарияланған мәліметтерді есептен алуды, оған түзету енгізуді АЦДБ-ның жауапты қызметкері ҚС ҚАҚБ-ның жазбаша сұрау салуының негізінде, оның келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;
Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларының 8-қосымшасында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электронды әліпбилік есеп карточкасы АЕА ААЖ-да қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті (айыпталушы) адамға (бұдан әрі - Л-2 нысаны) СДТБТ нысанынан деректерді автоматты түрде толтыра отырып, кейін СДТБТ нысанынан сот шешімі шығарылған адамға енгізу жолымен (бұдан әрі - Л-3 нысаны) қалыптастырылады.
АЕА ААЖ-да электронды әліпбилік есеп карточкасы СДТБТ-да Л-2-нысанының «Ұстау негізі және себебі:» 29 немесе Л-2 нысанының «Тұлғаны күдікті деп тану туралы жариялаудың негізі» 31-деректемелерін, немесе Л-2 нысанының «Осы тұлғаға қатысты шешім қабылданды» 55-деректемесін толтырған күннен бастап қалыптастырылады.»;
осы Қағидалардың 13-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Қағидалардың 15-қосымшасында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Логин мен пароль алу үшін тұтынушы дербес түрде Ақпараттық сервисте мынадай мекенжайлар бойынша тіркелуі қажет: https://10.61.209.21/jetspeed, https://10.1.27.4/jetspeed, https://10.2.1.141/jetspeed»;
осы бұйрықтың тиісінше 2, 3-қосымшаларына сәйкес 20, 21-қосымшалармен толықтырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) белгіленген заңнамалық тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Сотының жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз
ету департаменті
(Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының аппараты)
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет)
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
1 Мемлекетаралық ақпараттар банкіне ұсынуға жататын ақпараттық есепке алу құжаттарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының м.а
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 163
бұйрығына 1-қосымша
Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопияық арнайы есебін жүргізу қағидаларына
13-қосымша
нысан
Мемлекетаралық ақпараттар банкіне ұсынуға жататын
ақпараттық есепке алу құжаттарының тізбесі
Мемлекетаралық ақпараттар банкіне мынадай адамдарға қатысты ақпараттық есепке алу құжаттары жіберілуге жатады:
1 1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мынадай баптарымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталған Қазақстан Республикасының азаматтары:
1. 99-бап (адам өлтіру);
2. 101-баптың 1, 2-бөліктері (аффект жағдайында жасалған адам өлтiру);
3. 105-баптың 3-бөлігі (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу);
4. 106-баптың 1, 2, 3-бөліктері (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру);
5. 110-баптың 2-бөлігі (қинау);
6. 116-баптың 2, 3-бөліктері (адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою);
7. 118-баптың 3-бөлігі (адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ немесе ЖИТС) жұқтыру);
8. 120-баптың 2, 3, 3-1, 3-2, 4-бөліктері (зорлау);
9. 121-баптың 2, 3, 3-1, 3-2, 4-бөліктері (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері);
10. 122-баптың 2, 3-бөліктері (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау);
11. 123-баптың 2-бөлігі (жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету);
12. 124-бап (жас балаларды азғындық жолға түсіру);
13. 125-бап (адамды ұрлау);
14. 126-баптың 3-бөлігі (бас бостандығынан заңсыз айыру);
15. 128-баптың 2, 3, 4-бөліктері (адам саудасы);
16. 132-бап (кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту);
17. 133-баптың 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту);
18. 134-баптың 2, 3, 4-бөліктері (кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту);
19. 135-бап (кәмелетке толмағандар саудасы);
20. 136-бап (баланы ауыстыру);
21. 143-баптың 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету);
22. 146-баптың 2, 3-бөліктері (азаптаулар);
23. 157-баптың 2-бөлігі (ереуiлге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу);
24. 160-бап (басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргiзу);
25. 161-баптың 2-бөлігі (басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу немесе жария түрде шақыру);
26. 162-бап (жаппай қырып-жою қаруын өндiру, иемдену немесе өткізу);
27. 163-бап (соғыс жүргiзудiң тыйым салынған құралдары мен әдiстерiн қолдану);
28. 166-бап (қарулы қақтығыс уақытындағы әрекетсіздік не қылмыстық бұйрық беру);
29. 168-бап (геноцид);
30. 170-бап (жалдамалылық);
31. 171-бап (жалдамалыларды дайындайтын базалар (лагерьлер) құру);
32. 172-бап (шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу);
33. 173-бап (халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау);
34. 174-бап (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру);
35. 175-бап (мемлекетке опасыздық жасау);
36. 176-бап (тыңшылық);
37. 179-бап (Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту);
38. 180-бап (сепаратистік әрекет);
39. 181-бап (қарулы бүлiк);
40. 182-бап (экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу);
41. 184-бап (диверсия);
42. 185-баптың 3-бөлігі (мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету);
43. 188-баптың 3, 4-бөліктері (ұрлық);
44. 190-баптың 2, 3, 4-бөліктері (алаяқтық);
45. 191-баптың 2, 3, 4-бөліктері (тонау);
46. 192-бап (қарақшылық);
47. 193-бап (ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру);
48. 194-баптың 2, 3, 4-бөліктері (қорқытып алу);
49. 197-бап (мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу);
50. 200-баптың 3, 4-бөліктері (автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу);
51. 202-баптың 2, 3-бөліктері (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру);
52. 203-бап (ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою немесе бүлдіру);
53. 210-баптың 2, 3-бөліктері (зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату);
54. 211-бап 3-бөлігі (қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату);
55. 218-баптың 2, 3-бөліктері (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату));
56. 231-бап (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу);
57. 232-бап (жалған төлем карточкалары мен өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе өткізу);
58. 234-бап (экономикалық контрабанда);
59. 242-бап (банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну);
60. 255-бап (терроризм актісі);
61. 256-бап (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру);
62. 257-бап (террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу);
63. 258-бап (террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік);
64. 259-бап (террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру);
65. 260-бап (террористік немесе экстремистік даярлықтан өту);
66. 261-бап (адамды кепiлге алу);
67. 262-бап (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу);
68. 263-бап (қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу);
69. 264-бап (трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу);
70. 265-бап (трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу);
71. 266-бап (қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлiктi сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзiрлеу);
72. 267-бап (заңсыз әскерилендiрiлген құралымды ұйымдастыру);
73. 268-бап (бандитизм);
74. 269-бап (ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу);
75. 270-бап (әуе немесе су кемесін не жылжымалы темiржол составын айдап әкету, сол сияқты басып алу);
76. 271-бап (теңiз қарақшылығы);
77. 272-баптың 3, 4-бөліктері (жаппай тәртiпсiздiк);
78. 273-бап (терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау);
79. 281-баптың 2, 3-бөліктері (жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу);
80. 282-баптың 2, 3-бөліктері (ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу);
81. 283-баптың 2, 3-бөліктері (радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу);
82. 284-баптың 2, 3-бөліктері (радиоактивтi заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды жымқыру не қорқытып алу);
83. 285-бап (радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен жұмыс iстеу қағидаларын бұзу);
84. 286-баптың 2, 3 4-бөліктері (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы);
85. 287-баптың 2, 3, 4, 5-бөліктері (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру);
86. 288-баптың 2, 3-бөліктері (қаруды заңсыз жасау);
87. 289-бап (атыс қаруын ұқыпсыз сақтау);
88. 290-баптың 2-бөлігі (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын күзету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау);
89. 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық);
90. 294-бап (тағылық);
91. 296-бап (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу);
92. 297-баптың 1, 2, 3, 4-бөліктері (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу);
93. 308-баптың 2, 3-бөліктері (жезөкшелiкпен айналысуға тарту);
94. 312-бап (кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына қатысу үшiн тарту);
95. 313-бап (қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату);
96. 360-баптың 2-бөлігі (халықаралық ұшу қағидаларын бұзу);
97. 392-баптың 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту);
98. 402-бап (сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандататын әрекеттер);
99. 14-бап (қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы).
2 2) баптың саралануына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында сотталған және айыпталушы ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар.
2 Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2020 жылғы «__» ________
№ ___ бұйрығына
2-қосымша
Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған,күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопияық арнайы есебін жүргізу қағидаларына
20-қосымша
нысан
№
Тегі
Аты
Әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
Жеке сәйкес
тендіру нөмірі
Туған жылы
Жынысы
Нақты тұрғылықты жері
Адамдар картасының скрині және жуық жердегі орны
X
Y
3 Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2020 жылғы «__» _____
№ ___ бұйрығына
3-қосымша
Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауатылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған,күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопияық арнайы есебін жүргізу қағидаларына
21-қосымша
нысан
«БЕКІТЕМІН»
_______________ облысының
медициналық мекемесінің басшысы
_______________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
20__ жылғы «___» _______________
«БЕКІТЕМІН»
БП ҚСжАЕК
______________ облысы бойынша
Басқармасының бастығы
______________Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
20__ жылғы «___» _______________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жылы
Қойылған уақыты
Алып тасталынған уақыты
Кеткен мекенжайы
Ескертпе
Құрастырған:
___________ облысының медициналық
мекемесінің жауапты қызметкері
Құрастырған:
ҚР БП ҚСжАЕК
______________ облысы бойынша
Басқармасының
жауапты қызметкері