О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 29 «Об утверждении Правил ведения, использования и хранения специальных учетов лиц, совершивших уголовные правонарушения, привлеченных и привлекаемых к уголовной ответственности и дактилоскопического учета задержанных, содержащихся под стражей и осужденных лиц»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 29 «Об утверждении Правил ведения, использования и хранения специальных учетов лиц, совершивших уголовные правонарушения, привлеченных и привлекаемых к уголовной ответственности и дактилоскопического учета задержанных, содержащихся под стражей и осужденных лиц»
- Атауы (қаз.)
- «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылдың 27 ақпандағы № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 111
- Қабылданған күні
- 23.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2024 201157_721393.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035160
- ЭКБ идентификаторы
- 201157
- Редакция идентификаторы
- 201157_721393
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:34
0
«Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылдың 27 ақпандағы № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылдың 27 ақпандағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы Ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларында:
2-тармақта:
7)-тармақша мыныдай редакцияда жазылсын:
«7) Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген орган (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органы) – облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаменттер және оларға теңестірілген мамандандырылған бөлімшелері (әскери, көлік);»;
8)-тармақша алып тасталсын;
9)-тармақша мыныдай редакцияда жазылсын:
«9) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі (бұдан әрі – ҚАО ААЖ) – қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың қызметкерлері мен (немесе) жұмыскерлеріне мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен электрондық ақпараттық ресурстарды беруге арналған, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңға сәйкес өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде олардың сұрау салулары бойынша ғана электрондық ақпараттық ресурстарды алуға мүмкіндік беретін құпия ақпараттық жүйе;»;
76-тармақтың үшінші бөлігі мыныдай редакцияда жазылсын:
«Газ, су және кәріз құбыр жолдары өтетін үйжайларға картотека орналастыруға рұқсат берілмейді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрімен 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына сәйкес АЕҚ-ны жарықпен, температуралық-ылғалдылық және санитарлық-гигиеналық режимдермен қамтылған тиісті жағдайларда сақтау қажет.»;
80-тармақ мыныдай редакцияда жазылсын:
«80. Адамдарға қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдардың, мекемелер мен өзге де ұйымдардың сұрау салулары бойынша, тексеру негіздеріне қарамастан, Комитетте және оның аумақтық органдарында тексеру күнінде мынадай:
1) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарға, оның ішінде сотталғандықты өтеу, алып тастау мерзімдеріне, жазаны тарту, соттау және өтеу күніне қарамастан шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты;
2) қылмыстық жауаптылықтан босататын келесі жағдайларды қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдар не оларға қатысты қылмыстық істер тоқтатылған адамдар:
ақтайтын негіздер бойынша;
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 25 қарашаға дейінгі аралығындағы кезеңде ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 10) тармағы бойынша;
ҚР ҚПК-нің 33-бабының бірінші бөлігімен (1997 жылғы редакцияда) көзделген қылмыстар туралы істер бойынша - жекеше айыптаушы айыптаудан бас тартқанда ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 6) тармағы бойынша;
3) келесі негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартуды қоспағанда, ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 6), 9), 10), 11) және 12) тармақтары (1997 жылғы редакцияда) негізінде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған адамдар:
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 25 қарашаға дейінгі аралығындағы кезеңде ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 10) тармағы бойынша;
ҚР ҚПК-нің 33-бабының бірінші бөлігімен (1997 жылғы редакцияда) көзделген қылмыстар туралы істер бойынша - жекеше айыптаушы айыптаудан бас тартқанда ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 6) тармағы бойынша;
4) іздестіруде жүрген адамдар (күдіктілер, айыпталушылар, борышкерлер/ жауапкерлер, хабарсыз жоғалғандар);
5) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;
6) әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдардың есепке алуында тұрған адамдар;
7) есептен шығарылған, әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдардың есепке алуында тұрған адамдар;
9) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен шығарылған адамдар;
10) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған адамдар туралы қолда бар барлық мәліметтер ұсынылады.»;
93-тармақтың бірінші бөлігі мыныдай редакцияда жазылсын:
«93. АЕА ААЖ-да өткен жылдардың қылмыстық істері бойынша процестік шешімдер туралы мәліметтер болмаған жағдайда, сондай-ақ АДАЖ-да ұсталғаны немесе күзетпен ұсталғаны (қамаққа алу) туралы мәліметтер бола тұра, АЕА ААЖ-да осы адамға қатысты қандай да бір мәліметтердің болмауымен бірқатар, Комитеттің аумақтық органының қызметкері тегі бойынша картотекадан тиісті әліпбилік есепке алу карточкасының болуын тексереді және оның:
бар болғаны жағдайда, АЕА ААЖ-ға карточканың графикалық көшірмесін қоса сала отырып, мәліметтерді енгізеді. Егер әліпбилік есепке алу карточкасы МАБ-қа жіберілуге жататын болса, онда оның екінші нұсқасын құрастырады және Комитетке бөлек ілеспе хатпен есепке алу себебі көрсете отырып жібереді;
болмаған жағдайда, тексерілетін адамды ұстауды немесе күзетпен ұстауды (қамаққа алу) жүзеге асырған орган, аумақтылығы бойынша Комитеттің тексеру жүргізетін аумақтық органына жататын болса, дактилоскопиялық картотекада процестік шешім туралы мәліметтердің болуын тексереді, сондай-ақ тиісті қылмыстық қудалау органдарына, тергеу изоляторына, гауптвахтаға, сот пен архивтерге осы іс бойынша ақпарат алу үшін сұрау салуды жібереді.»;
95-тармақтың үшінші бөлігі мыныдай редакцияда жазылсын:
«7) тармақшаның мәліметтерін қоспағанда, қорғаушылардың сұрау салуларын Комитеттің аумақтық органы осы Қағидалардың 80-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсына отырып, бес жұмыс күні ішінде орындайды.»;
96-тармақтың үшінші бөлігі мыныдай редакцияда жазылсын:
«7) тармақшаның мәліметтерін қоспағанда, Комитеттің аумақтық органы жеке сот орындаушыларының сұрау салуларын келіп түскеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 80-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсына отырып, орындайды.»;
Қағидаларға 13-қосымша осы бұйрыққа қосымшағасәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі-Комитет):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналасуын;
3 3) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне және Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген органдарына орындау үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сот әкімшілігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
«КЕЛЕСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
1 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық ақпараттар банкіне ұсынуға жататын ақпараттық есепке алу құжаттарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2024 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 111 бұйрығына
қосымша
Қылмыстық құқық бұзушылықтар
жасаған, қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын, қылмыстық құқық
бұзушылық жасаған үшін қылмыстық
жауаптылыққа тартылған және
адамдарды арнайы есепке
алуды және ұстап алынған, күзетпен
ұсталатын және сотталған адамдарды
дактилоскопиялық есепке алуды
жүргізу, пайдалану және сақтау
қағидаларына
13-қосымша
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық ақпараттар банкіне ұсынуға жататын ақпараттық есепке алу құжаттарының тізбесі
1
1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық ақпараттар банкіне (бұдан әрі – МАБ) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мынадай баптарымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталған адамдарға қатысты ақпараттық есепке алу құжаттары (бұдан әрі – АЕҚ) жіберілуге жатады: