Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 500 «Об утверждении Классификатора cпециальностей и квалификаций технического и профессионального, послесреднего образования»

Бұйрық · № 349 · қабылданған 17.08.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-500-c-ekb-145569/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 500 «Об утверждении Классификатора cпециальностей и квалификаций технического и профессионального, послесреднего образования» Қолданыста Бұйрық ·№ 349 ·17.08.2020
17.08.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 500 «Об утверждении Классификатора cпециальностей и квалификаций технического и профессионального, послесреднего образования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 349 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 500 «Об утверждении Классификатора cпециальностей и квалификаций технического и профессионального, послесреднего образования»
Атауы (қаз.)
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
349
Қабылданған күні
17.08.2020
Көрсетілген редакция
17.08.2020 145569_476853.kaz
Соңғы өзгеріс
17.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021106
ЭКБ идентификаторы
145569
Редакция идентификаторы
145569_476853
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:11

0 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17564 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышында:
«0400000-Өнер және мәдениет» бөлімінде:
«Дизайн (бейін бойынша)*» бөлімшесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Интерьер дизайны бойынша қолданбалы бакалавр
040203 4
2163
0212
»;
«Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы (бейін бойынша)» бөлімшесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Әлеуметтік-мәдени қызметтің қолданбалы бакалавры
040302 4
2361-0-002
2371-9-001
2334-0-039
0215
»;
«0500000 - Қызмет көрсету, экономика және басқару» бөлімінде:
«Телекоммуникациялық құралдар мен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша)» бөлімшесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Электрондық құрылғыларға қызмет көрсету және пайдалану қолданбалы бакалавры
050205 4
2153-2
0612
»;
«0700000 - Геология, тау-кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру» бөлімінде:
«Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу» бөлімшесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу қолданбалы бакалавры
070530 4
2146-1
0532
»;
«Тау кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» бөлімшесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Тау кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу электр механигі - қолданбалы бакалавры
070730 4
0724
»;
«0800000 - Мұнай-газ және химия өндірісі» бөлімінде:
«Полимерлік өндіріс технологиясы» бөлімшесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Полимерлік өндіріс технологиясы қолданбалы бакалавры
081413 4
2145-2
0724
»;
«Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» бөлімшесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Мұнай және газды өңдеу технологиясы қолданбалы бакалавры
081908 4
0724
»;
«1100000- Көлік (салалар бойынша)» бөлімінде:
«Қалалық электр көлігін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу (салалар бойынша)» бөлімшесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Қалалық электр көлігін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу (салалар бойынша) қолданбалы бакалавры
110510 4
2151
1041
»;
«Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» бөлімшесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Медициналық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу қолданбалы бакалавры
112104 4
2149-9-004
1041
»;
«1400000- Құрылыс және коммуналдық шаруашылық» бөлімінде:
«Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау*» бөлімшесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау қолданбалы бакалавры
140605 4
2147-4
0732
»;
«Көпірлер мен көлік үңгі жолдары» бөлімшесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Көпірлер мен көлік үңгі жолдарының қолданбалы бакалавры
141102 4
2142-3
0732
»;
«Темір бетон және металл бұйымдары өндірісі (түрлері бойынша)» бөлімшесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Темір бетон және металл бұйымдары өндірісі қолданбалы бакалавры
141304 4
0721
»;
«Сәулет өнері» бөлімшесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Сәулет өнері қолданбалы бакалавры
141803 4
2161
0731
»;
«1500000 - Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» бөлімінде:
«Өрт қауіпсіздігі» бөлімшесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Өрт қауіпсіздігі жөніндегі қолданбалы бакалавры
151602 4
2149-3
1032
»;
«Төтенше жағдайда қорғау (бейін бойынша)» бөлімшесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Төтенше жағдайларда қорғау жөніндегі қолданбалы бакалавры
151709 4
2149-3
1031
».

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы