О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 502 «Об утверждении критериев для реорганизации организаций среднего образования, созданных в организационно-правовой форме государственного учреждения, в организационно-правовую форму государственного предприятия на праве хозяйственного ведения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 502 «Об утверждении критериев для реорганизации организаций среднего образования, созданных в организационно-правовой форме государственного учреждения, в организационно-правовую форму государственного предприятия на праве хозяйственного ведения»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 502 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 187
- Қабылданған күні
- 06.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2022 167545_574172.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027974
- ЭКБ идентификаторы
- 167545
- Редакция идентификаторы
- 167545_574172
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:01
0
«Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 502 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 17449 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қаржы және бюджетті жоспарлау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттар
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 6 мамырдағы
№ 187 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 502 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін
өлшемшарттар
Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдары бір уақытта мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанында қайта ұйымдастырылуы мүмкін: