О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 503 «Об утверждении Перечня типов и видов организаций образования, в которых реализуется подушевое нормативное финансирование»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 503 «Об утверждении Перечня типов и видов организаций образования, в которых реализуется подушевое нормативное финансирование»
- Атауы (қаз.)
- «Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 503 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 260
- Қабылданған күні
- 15.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 15.08.2023 185291_649208.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033319
- ЭКБ идентификаторы
- 185291
- Редакция идентификаторы
- 185291_649208
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:21
0 «Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 503 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 503 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17453 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесін бекіту туралы»;
кіріспе және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 107) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
1 Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 15 тамыздағы
№ 260 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 503 бұйрығына
қосымша
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесі
№
Білім беру ұйымы типінің атауы
Білім беру ұйымы түрлерінің атауы
1.
Мектепке дейінгі ұйымдар
1. Бөбекжай-бақша
2. Балабақша
3. Отбасылық бөбекжай-бақша
4. Санаторлық бөбекжай-бақша
5. «Мектеп-бөбекжай-бақша» кешені
6. Мектепке дейінгі шағын орталық
2.
Шағын жинақты мектептерден, ауылдық жерде орналасқан орта білім беру ұйымдарынан, түзету мекемелері жанындағы, денсаулық сақтау ұйымдары жанындағы, мәдениет және дене шынықтыру-спорт ұйымдары жанындағы орта білім беру ұйымдарынан, республикалық орта білім беру ұйымдарынан басқа орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта)
1. Бастауыш мектеп
2. Негізгі орта мектеп
3. Жалпы білім беретін мектеп
4. Гимназия
5. Лицей
6. Бейінді мектеп
7. Мектеп-гимназия
8. Мектеп-лицей
9. Қосымша білім беретін мектеп-орталық
10. Оқу-тәрбие орталығы (кешен)
3.
Медициналық, әскери, арнайы оқу орындарынан, мәдениет және дене шынықтыру-спорт саласындағы білім беру ұйымдарынан басқа техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары
1. Колледж
2. Кәсіптік даярлау оқу орталығы
3. Жоғары колледж
4.
Медициналық, әскери, арнайы оқу орындарынан, мәдениет және дене шынықтыру-спорт саласындағы білім беру ұйымдарынан басқа орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары
Жоғары колледж