Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 503 «Об утверждении Перечня типов и видов организаций образования, в которых реализуется подушевое нормативное финансирование»

Бұйрық · № 260 · қабылданған 15.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-503/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 503 «Об утверждении Перечня типов и видов организаций образования, в которых реализуется подушевое нормативное финансирование» Қолданыста Бұйрық ·№ 260 ·15.08.2023
15.08.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 503 «Об утверждении Перечня типов и видов организаций образования, в которых реализуется подушевое нормативное финансирование»

Қолданыста Бұйрық ·№ 260 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 503 «Об утверждении Перечня типов и видов организаций образования, в которых реализуется подушевое нормативное финансирование»
Атауы (қаз.)
«Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 503 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
260
Қабылданған күні
15.08.2023
Көрсетілген редакция
15.08.2023 185291_649208.kaz
Соңғы өзгеріс
15.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033319
ЭКБ идентификаторы
185291
Редакция идентификаторы
185291_649208
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:21

0 «Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 503 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 503 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17453 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесін бекіту туралы»;
кіріспе және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 107) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

1 Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 15 тамыздағы
№ 260 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 503 бұйрығына
қосымша
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесі

Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы ти­пі­нің ата­уы
Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы түр­ле­рі­нің ата­уы
1.
Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар
1. Бө­бек­жай-бақ­ша
2. Ба­ла­бақ­ша
3. От­ба­сы­лық бө­бек­жай-бақ­ша
4. Са­на­тор­лық бө­бек­жай-бақ­ша
5. «Мек­теп-бө­бек­жай-бақ­ша» ке­ше­ні
6. Мек­теп­ке дей­ін­гі ша­ғын ор­та­лық
2.
Ша­ғын жи­нақ­ты мек­теп­тер­ден, ауыл­дық жер­де ор­на­лас­қан ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­нан, тү­зе­ту ме­ке­ме­ле­рі жа­нын­да­ғы, ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры жа­нын­да­ғы, мә­де­ни­ет және дене шы­нық­ты­ру-спорт ұй­ым­да­ры жа­нын­да­ғы ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­нан, рес­пуб­ли­ка­лық ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­нан бас­қа ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры (ба­ста­уыш, негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та)
1. Ба­ста­уыш мек­теп
2. Негіз­гі ор­та мек­теп
3. Жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп
4. Гим­на­зия
5. Ли­цей
6. Бей­ін­ді мек­теп
7. Мек­теп-гим­на­зия
8. Мек­теп-ли­цей
9. Қо­сым­ша бі­лім бе­ре­тін мек­теп-ор­та­лық
10. Оқу-тәр­бие ор­та­лы­ғы (ке­шен)
3.
Ме­ди­ци­на­лық, әс­ке­ри, ар­найы оқу орын­да­ры­нан, мә­де­ни­ет және дене шы­нық­ты­ру-спорт са­ла­сын­да­ғы бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­нан бас­қа тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры
1. Кол­ледж
2. Кә­сіп­тік да­яр­лау оқу ор­та­лы­ғы
3. Жо­ға­ры кол­ледж
4.
Ме­ди­ци­на­лық, әс­ке­ри, ар­найы оқу орын­да­ры­нан, мә­де­ни­ет және дене шы­нық­ты­ру-спорт са­ла­сын­да­ғы бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­нан бас­қа ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры
Жо­ға­ры кол­ледж

Қолданыстағы