Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 70 «Об утверждении Правил продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан»

Қаулы · № 51 · қабылданған 22.06.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-70-ekb-169593/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 70 «Об утверждении Правил продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 51 ·22.06.2022
22.06.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 70 «Об утверждении Правил продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 51 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 70 «Об утверждении Правил продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
51
Қабылданған күні
22.06.2022
Көрсетілген редакция
22.06.2022 169593_582902.kaz
Соңғы өзгеріс
22.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028707
ЭКБ идентификаторы
169593
Редакция идентификаторы
169593_582902
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:17

0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16922 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларында:
3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталар – түрлі материалдардан жеке-жеке жасалған және бір монетаның бірыңғай композициясына өзара біріктірілген екі және одан да көп бөліктен тұратын коллекциялық монеталар;»;
10, 11, 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Ұлттық Банктің филиалы және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатқан және (немесе) сатып алған жағдайда, инвестициялық және (немесе) коллекциялық монетаны сатып алатын немесе сатып алуға тапсыратын жеке, заңды тұлғаларды (олардың өкілдерін) сәйкестендіреді, сондай-ақ оларды «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 2-тармағы 1-1) тармақшасының талабына сәйкес тексереді.
11. Инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сату кезінде жеке, заңды тұлғалар (олардың өкілдері) Ұлттық Банктің филиалына немесе Ұлттық Банктің Орталығына жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректерді, инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алуға өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын (жеке немесе заңды тұлға атынан өкілдік еткен жағдайда) ұсынады.
Жеке, заңды тұлғалар (олардың өкілдері) инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алуға тапсырған кезде:
1) Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін тапсыруға арналған өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) 2 (екі) данада толтырады, оның біреуі Ұлттық Банктің филиалында немесе Ұлттық Банктің Орталығында қалады, ал екіншісі жеке, заңды тұлғаларға (олардың өкілдеріне) беріледі;
2) Ұлттық Банктің филиалына немесе Ұлттық Банктің Орталығына жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректерді, инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін тапсыруға өкілеттігін растайтын құжатты (жеке немесе заңды тұлға атынан өкілдік еткен жағдайда) ұсынады.
12. Инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сату кезінде жеке, заңды тұлғаларды (олардың өкілдерін) сәйкестендіру инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу өкілеттігін растайтын құжатта (жеке немесе заңды тұлға атынан өкілдік еткен жағдайда) көрсетілген мәліметтерді жеке басын куәландыратын құжаттың деректерімен не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректермен салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.
Инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу кезінде жеке, заңды тұлғаларды (олардың өкілдерін) сәйкестендіру Өтініште және сатып алу үшін инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды тапсыру өкілеттігін растайтын құжатта (жеке немесе заңды тұлға атынан өкілдік еткен жағдайда) көрсетілген мәліметтерді жеке басын куәландыратын құжаттың деректерімен не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректермен салыстырып тексеру жолымен жүзеге асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжатта не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректерде орналастырылған фотосуретті ұсынушының жеке басымен көзбен шолып салыстыру да жүргізіледі.
Қағидалардың 10 және 11-тармақтарында көзделген талаптар екінші деңгейдегі банктерге, Ұлттық пошта операторына және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды.»;
13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер жеке, заңды тұлғалар (олардың өкілдері) жаппай қырып-жоятын қаруды таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болса, Ұлттық Банктің филиалы және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сату және сатып алу бойынша кассалық операцияларды жүргізуді тоқтата тұру және бас тарту бойынша шаралар қабылдайды.»;
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қолма-қол ақша айналасы департаменті (А.С. Адибаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Жеке тұлғаның инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін тапсыруға арналған өтініші

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2022 жылғы 22 маусымдағы
№ 51 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарын сату және
сатып алу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Жеке тұлғаның инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды
сатып алу үшін тапсыруға арналған өтініші
_____қаласы
20___ жылғы «___» ________
Мен,____________________________________________________________________________________,
(жеке тұлғаның не оның инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін
тапсыруға өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))
осы арқылы өз атымнан (сенімгердің атынан) мәміле жасайтынымды растаймын және
_____________________________________________________________________________________________
(Ұлттық Банк филиалының немесе Орталығының атауы)
осы өтініштің 1-кестесінде көрсетілген деректер бойынша монетаны (монеталарды) сатып алуға қабылдауды
сұраймын, сондай-ақ:
1) салдарынан монета (монеталар) қайтарылуға жатпайтын, бұзу әдісімен сараптама жүргізуге;
2) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді (сенімгердің дербес деректерін) жинауға, өңдеуге және таратуға;
3) Қағидалардың 19-тармағына сәйкес есептелген сатып алу сомасын алуға;
4) ақшаны қолма-қол ақшасыз нысанда алуға және егер монетадағы химиялық таза бағалы металл салмағының құны үшін төлем сомасы ақша аудару үшін комиссия сомасын шегергенде 10000000 (он миллион) теңгеден асқан жағдайда, ақшаны осы өтініштің 2-кестесінде көрсетілген шотқа аударуға келісім беремін.
1-кесте

Мо­не­та­ның ата­уы
Мо­не­та­ның тү­рі (ин­ве­сти­ци­я­лық неме­се кол­лек­ци­я­лық)
Но­ми­на­лы тең­ге­мен (цифр­мен және жа­зу­мен)
Са­ны, да­на­сы (цифр­мен және жа­зу­мен)
Мо­не­та­да көр­се­ті­л­ген ме­тал­дың тү­рі
Мо­не­та­да грам­мен (ун­ци­я­мен) көр­се­ті­л­ген сал­ма­ғы
1
2
3
4
5
6
7
1
2
3
Бар­лы­ғы
х
х
х
2-кесте

Та­лап еті­ле­тін мә­лі­мет­тер
мәмі­ле жа­сай­тын же­ке тұл­ға ту­ра­лы
ин­ве­сти­ци­я­лық және (неме­се) кол­лек­ци­я­лық мо­не­та­лар­ды са­тып алу үшін тап­сы­ру­ға өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат бой­ын­ша же­ке тұл­ға­ның өкі­лі
ту­ра­лы
1
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са)
2
Ту­ған кү­ні мен же­рі
3
Аза­мат­тығы
4
Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ол бар бол­са)
5
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың тү­рі, нө­мі­рі, се­ри­я­сы (ол бар бол­са) кім және қа­шан бер­ген, қол­да­ны­лу мер­зі­мі не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі ар­қы­лы алын­ған, кли­ент­тің же­ке ба­сын рас­тай­тын (сәй­кестен­ді­ре­тін) де­ректер
6
Тұр­ғы­лық­ты же­рі­нің ме­кен­жайы.
Тір­кел­ген же­рі­нің неме­се кел­ген же­рі­нің ме­кен­жайы (мем­ле­ке­ті, об­лы­сы, ауда­ны, ел­ді ме­ке­ні (қа­ла­сы, кен­ті, ауы­лы), кө­ше­нің, даң­ғыл­дың, ша­ғын аудан­ның ата­уы, үй­дің нө­мі­рі, пәтер­дің нө­мі­рі (олар бар бол­са) көр­се­ті­ле­ді
7
Бай­ла­ныс те­ле­фон нө­мі­рі
8
Элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы (ол бар бол­са)
9
Шот­тың нө­мі­рі, банк­тің то­лық ата­уы
х
Жеке тұлғаның (оның өкілінің)
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
_________________________________________ ______________
(қолы)

2 Заңды тұлғаның инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін тапсыруға арналған өтініші

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2022 жылғы «__» ______
№ ___ қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарын сату және
сатып алу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Заңды тұлғаның инвестициялық және (немесе) коллекциялық
монеталарды сатып алу үшін тапсыруға арналған өтініші
_____қаласы
20___ жылғы «___» ________
______________________________________________________________________________________________,
(заңды тұлғаның атауы)
___________________________________________ негізінде іс-қимыл жасайтын
______________________________________________________________________________________ арқылы,
(заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

______________________________________________________________________________________________
(Ұлттық Банк филиалының немесе Орталығының атауы)
осы өтініштің 1-кестесінде көрсетілген деректер бойынша монетаны (монеталарды) сатып алуға қабылдауды
сұрайды, сондай-ақ:
1) салдарынан монета (монеталар) қайтарылуға жатпайтын, бұзу әдісімен сараптама жүргізуге;
2) Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заңды тұлға өкілінің ________________________ дербес деректерін жинауға, өңдеуге және таратуға;
3) Қағидалардың 19-тармағына сәйкес есептелген сатып ау сомасын алуға келісімін береді.
1-кесте

Мо­не­та­ның ата­уы
Мо­не­та­ның тү­рі (ин­ве­сти­ци­я­лық неме­се кол­лек­ци­я­лық)
Но­ми­на­лы тең­ге­мен (цифр­мен және жа­зу­мен)
Са­ны, да­на­сы (цифр­мен және жа­зу­мен)
Мо­не­та­да көр­се­ті­л­ген ме­тал­дың тү­рі
Мо­не­та­да грам­мен (ун­ци­я­мен) көр­се­ті­л­ген сал­ма­ғы
1
2
3
4
5
6
7
1
2
3
Бар­лы­ғы
х
х
х
2-кесте

Заң­ды тұл­ға ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
1
То­лық, қы­сқар­ған ата­уы (ол бар бол­са), ұй­ым­дық-құқық­тық ны­са­ны
2
Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ол бар бол­са)
3
Заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы анық­та­ма бе­рі­л­ген кү­ні, тір­ке­у­ші ор­ган­ның ата­уы
4
Ор­на­лас­қан же­рі­нің ме­кен­жайы. Заң­ды ме­кен­жайы және нақ­ты ме­кен­жайы (мем­ле­ке­ті, об­лы­сы, ауда­ны, ел­ді ме­ке­ні (қа­ла­сы, кен­ті, ауы­лы), кө­ше­нің, даң­ғыл­дың, ша­ғын аудан­ның ата­уы, үй­дің нө­мі­рі, пәтер­дің нө­мі­рі, кең­се нө­мі­рі (бар бол­са) көр­се­ті­ле­ді
5
Бай­ла­ныс те­ле­фон нө­мі­рі
6
Элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы (бар бол­са)
7
Шот­тың нө­мі­рі, банк­тің то­лық ата­уы
8
Құ­ры­л­тай­шы­лар (қа­ты­су­шы­лар) ту­ра­лы де­ректер (құ­ры­л­тай­шы­ның (қа­ты­су­шы­ның) ата­уы көр­се­ті­ле­ді), егер құ­ры­л­тай­шы (қа­ты­су­шы) же­ке тұл­ға неме­се да­ра кә­сіп­кер бо­лып та­был­са, он­да те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са) көр­се­ті­ле­ді)
3-кесте

Заң­ды тұл­ға­ның өкі­лі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
1
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са)
2
Ту­ған кү­ні мен же­рі
3
Аза­мат­тығы
4
Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ол бар бол­са)
5
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың тү­рі, нө­мі­рі, се­ри­я­сы (ол бар бол­са) кім және қа­шан бер­ген, қол­да­ны­лу мер­зі­мі не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі ар­қы­лы алын­ған, кли­ент­тің же­ке ба­сын рас­тай­тын (сәй­кестен­ді­ре­тін) де­ректер
6
Тұр­ғы­лық­ты же­рі­нің ме­кен­жайы. Тір­кел­ген же­рі­нің неме­се кел­ген же­рі­нің ме­кен­жайы (мем­ле­ке­ті, об­лы­сы, ауда­ны, ел­ді ме­ке­ні (қа­ла­сы, кен­ті, ауы­лы), кө­ше­нің, даң­ғыл­дың, ша­ғын аудан­ның ата­уы, үй­дің нө­мі­рі, пәтер­дің нө­мі­рі (олар бар бол­са) көр­се­ті­ле­ді
7
Бай­ла­ныс те­ле­фон нө­мі­рі
8
Элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы (ол бар бол­са)
Заңды тұлға өкілінің
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
___________________________________ _________________
(қолы)

Қолданыстағы