О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 70 «Об утверждении Правил продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 70 «Об утверждении Правил продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 66
- Қабылданған күні
- 30.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 30.10.2024 202493_727678.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035355
- ЭКБ идентификаторы
- 202493
- Редакция идентификаторы
- 202493_727678
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:00
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16922 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) айналыстағы монеталар – бағалы емес металдардан жасалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар;
2) банкноттар және монеталар – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында заңды төлем құралы болып табылатын ақша белгілері;
3) белгіленген құн – банкноттардың, монеталардың номиналы бойынша құны;
4) инвестициялық монеталар – бағалы металдардан жасалған, инвестициялау және жинақтау объектісі болып табылатын монеталар;
5) коллекциялық монеталар – коллекциялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, бағалы металдардан, сол сияқты бағалы емес металдардан жасалған, шектеулi таралыммен дайындалған мерекелiк, естелiк және өзге де арнайы соғылған монеталар;
6) құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталар – түрлі материалдардан жеке-жеке жасалған және бір монетаның бірыңғай композициясына өзара біріктірілген екі және одан да көп бөліктен тұратын коллекциялық монеталар;
7) сауда алаңы – инвестициялық монеталарды, оның ішінде бөліктер (үлестер) бойынша сату жүзеге асырылатын онлайн платформа;
8) Ұлттық Банктің интернет-дүкені және (немесе) мобильді қосымшасы – жеке және заңды тұлғалардың Ұлттық Банк шығаратын инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алуға және (немесе) жеткізуге берілген тапсырыстарын орналастыруға, сатып алынатын инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарға ақы төлеуді жүзеге асыруға, сондай-ақ инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін орналастырылған тапсырыстың жай-күйін қарап көруге арналған Ұлттық Банктің интернет-ресурсының бөлімі;
9) Ұлттық Банктің Орталығы – ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын сатуды және сатып алуды жүзеге асыратын Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиал);
10) Ұлттық Банктің филиалы – Ұлттық Банктің ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын сатуды және сатып алуды жүзеге асыратын аумақтық филиалы.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуды және сатып алуды Ұлттық Банктің филиалдары және Ұлттық Банктің Орталығы жүзеге асырады.
Инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы да жүзеге асырылады.
Инвестициялық монеталарды сату сауда алаңы арқылы да жүзеге асырылады.»;
12-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қағидалардың 10 және 11-тармақтарында көзделген талаптар екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Ұлттық пошта операторына және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды.»;
19-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер сараптама нәтижелері бойынша бағалы металдардан жасалған бір коллекциялық монетаны сатып алудың есептелген сомасы Қағидалардың 8-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес белгіленген сату бағасынан асып кетсе, онда сатып алу сомасы Қағидалардың 8-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес белгіленген оны сату бағасына тең болады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:
«6-тарау. Инвестициялық монеталарды сауда алаңы арқылы сату
24. Ұлттық Банктің инвестициялық монеталарды, оның ішінде инвестициялық монета дайындалған бағалы металдың химиялық таза салмағының грамында айқындалатын бөліктер (үлестер) бойынша сауда алаңы арқылы сатуы Қағидалардың 8-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес айқындалатын сату бағасы бойынша жүзеге асырылады.
25. Жеке және заңды тұлғалардың (олардың өкілдерінің) Ұлттық Банктің филиалында сауда алаңы арқылы сатып алынған инвестициялық монеталарды алуы Ұлттық Банк Басқармасының инвестициялық монеталарды айналысқа шығару туралы қаулысында айқындалған олардың толық салмағын сатып алу (төлеу) шартымен жүзеге асырылады.
26. Ұлттық Банктің инвестициялық монеталарды Ұлттық Банк Басқармасының айналысқа шығару туралы қаулысымен айқындалған олардың толық салмағын сатып алу (төлеу) шартымен жеке және заңды тұлғалардың (олардың өкілдерінің) өтініші бойынша сауда алаңы арқылы сатып алуына жол беріледі.
Ұлттық Банктің филиалында жеке және заңды тұлғалар (олардың өкілдері) алған инвестициялық монеталарды Ұлттық Банктің сатып алуы Қағидалардың 4 және 5-тарауларында көзделген тәртіппен жүргізіледі.».