Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 70 «Об утверждении Правил продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан»

Қаулы · № 8 · қабылданған 20.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-70-ekb-207353/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 70 «Об утверждении Правил продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 8 ·20.02.2025
20.02.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 70 «Об утверждении Правил продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 8 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 70 «Об утверждении Правил продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8
Қабылданған күні
20.02.2025
Көрсетілген редакция
20.02.2025 207353_745263.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035748
ЭКБ идентификаторы
207353
Редакция идентификаторы
207353_745263
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:02

0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16922 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларында:
3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) сауда алаңы – инвестициялық монеталарды, оның ішінде бөліктер (үлестер) бойынша сату және сатып алу жүзеге асырылатын онлайн платформа;»;
7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Инвестициялық монеталарды сату және сатып алу да сауда алаңы арқылы жүзеге асырылады.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Ұлттық Банктің инвестициялық монеталарды, оның ішінде инвестициялық монета дайындалған бағалы металдың химиялық таза салмағының грамында (унцияларда) айқындалатын бөліктер (үлестер) бойынша сауда алаңы арқылы сатуы және сатып алуы Қағидалардың 8-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес айқындалатын сату бағасы бойынша жүзеге асырылады.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Ұлттық Банктің филиалында жеке және заңды тұлғалар (олардың өкілдері) алған инвестициялық монеталарды Ұлттық Банктің сатып алуы Қағидалардың 4 және 5-тарауларында көзделген тәртіппен жүргізіледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы