Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 75 «Об установлении факторов, влияющих на ухудшение финансового положения страховой (перестраховочной) организации и страховой группы, а также утверждении Правил одобрения плана мероприятий, предусматривающего меры раннего реагирования, и Методики определения факторов, влияющих на ухудшение финансового положения страховой (перестраховочной) организации (страховой группы)»

Қаулы · № 259 · қабылданған 27.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-75-ekb-137954/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 75 «Об установлении факторов, влияющих на ухудшение финансового положения страховой (перестраховочной) организации и страховой группы, а также утверждении Правил одобрения плана мероприятий, предусматривающего меры раннего реагирования, и Методики определения факторов, влияющих на ухудшение финансового положения страховой (перестраховочной) организации (страховой группы)» Қолданыста Қаулы ·№ 259 ·27.12.2019
27.12.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 75 «Об установлении факторов, влияющих на ухудшение финансового положения страховой (перестраховочной) организации и страховой группы, а также утверждении Правил одобрения плана мероприятий, предусматривающего меры раннего реагирования, и Методики определения факторов, влияющих на ухудшение финансового положения страховой (перестраховочной) организации (страховой группы)»

Қолданыста Қаулы ·№ 259 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 75 «Об установлении факторов, влияющих на ухудшение финансового положения страховой (перестраховочной) организации и страховой группы, а также утверждении Правил одобрения плана мероприятий, предусматривающего меры раннего реагирования, и Методики определения факторов, влияющих на ухудшение финансового положения страховой (перестраховочной) организации (страховой группы)»
Атауы (қаз.)
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 75 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
259
Қабылданған күні
27.12.2019
Көрсетілген редакция
27.12.2019 137954_435782.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019839
ЭКБ идентификаторы
137954
Редакция идентификаторы
137954_435782
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:56

0

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 75 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16944 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сақтандыру резервтерін өтеу үшін өтімділігі жоғары активтердің жеткіліксіз болуы;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларында:
2-тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты басшы қызметкерлер тізбесі (іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындауға жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып).»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесінде:
3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативі мәнінің № 304 қаулымен белгіленген өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативінің ең төмен мәнінен асатын деңгейден төмен 0,2 тармаққа төмендеуі;
Осы тармақшаның талабы «өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды;
3) 1 (бір) жылға дейінгі орындау мерзімімен қайта сақтандырушының үлесін шегергенде, айналыс мерзімі 1 (бір) жылға дейін болатын өтімділігі жоғары активтердің құнының сақтандыру резервтерінің сомасына қатынасының 1,2 мәнге төмендеуі және (немесе) 1 (бір) жылдан 5 (бес) жылға дейінгі орындау мерзімімен қайта сақтандырушының үлесін шегергенде, айналыс мерзімі 1 (бір) жылдан 5 (бес) жылға дейін болатын өтімділігі жоғары активтердің құнының сақтандыру резервтерінің сомасына қатынасының 1,05 мәнге төмендеуі.
Осы тармақшаның талабы «жалпы сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
Сақтандыру резервтерін орындау мерзімдері бойынша бөлу Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16256 болып тіркелген, «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 245 қаулысына 23-қосымшаның талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;».

2 2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және

3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы