О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 75 «Об установлении факторов, влияющих на ухудшение финансового положения страховой (перестраховочной) организации, страховой группы и филиала страховой (перестраховочной) организации – нерезидента Республики Казахстан, а также утверждении Правил одобрения плана мероприятий, предусматривающего меры раннего реагирования, и Методики определения факторов, влияющих на ухудшение финансовог
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 75 «Об установлении факторов, влияющих на ухудшение финансового положения страховой (перестраховочной) организации, страховой группы и филиала страховой (перестраховочной) организации – нерезидента Республики Казахстан, а также утверждении Правил одобрения плана мероприятий, предусматривающего меры раннего реагирования, и Методики определения факторов, влияющих на ухудшение финансовог
- Атауы (қаз.)
- «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін ф
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 14.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 14.02.2022 164673_561912.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.02.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200026864
- ЭКБ идентификаторы
- 164673
- Редакция идентификаторы
- 164673_561912
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:29
0
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі
№ 75 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16944 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторлар белгіленсін:
1) сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің төмендеуі;
2) сақтандыру тобы қызметінің шығындылығы;
3) сақтандыру тобының қатысушылары арасындағы мәмілелер көлемінің асуы.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады: