Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Кегенского районного маслихата от 27 ноября 2018 года № 9-30 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Кегенского района»

Өзге акт · № 22-79 · қабылданған 28.12.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-9-30/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-10 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Кегенского районного маслихата от 27 ноября 2018 года № 9-30 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Кегенского района» Күшін жойған Өзге акт ·№ 22-79 ·28.12.2021
25.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Кегенского районного маслихата от 27 ноября 2018 года № 9-30 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Кегенского района»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 22-79 · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Кегенского районного маслихата от 27 ноября 2018 года № 9-30 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Кегенского района»
Атауы (қаз.)
Кеген аудандық мәслихатының «Кеген ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2018 жылғы 27 қарашадағы № 9-30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22-79
Қабылданған күні
28.12.2021
Көрсетілген редакция
25.12.2023 163203_706302.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21DT026370
ЭКБ идентификаторы
163203
Редакция идентификаторы
163203_706302
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 04:29

0 Кеген аудандық мәслихатының «Кеген ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2018 жылғы 27 қарашадағы № 9-30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Кеген аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Кеген аудандық мәслихатының «Кеген ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2018 жылғы 27 қарашадағы № 9-30 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4905 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Кеген аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
кіріспе алып тасталсын;
1, 2, 3 және 4 тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 1-тармағында көрсетілген негізгі ұғымдар пайдаланылады.
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Кеген ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
3. Тұрғын үй көмегi кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттiк төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
4. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
7 тармағы алып тасталсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы