Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Каратальского сельского округа Зайсанского района от 27 декабря 2018 года № 9 «Об установлении ограничительных мероприятий в крестьянском хозяйстве «Тоташ-Аян» Каратальского сельского округа»

Өзге акт · № 3 · қабылданған 18.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-9/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Каратальского сельского округа Зайсанского района от 27 декабря 2018 года № 9 «Об установлении ограничительных мероприятий в крестьянском хозяйстве «Тоташ-Аян» Каратальского сельского округа» Қолданыста Өзге акт ·№ 3 ·18.06.2019
18.06.2019 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Каратальского сельского округа Зайсанского района от 27 декабря 2018 года № 9 «Об установлении ограничительных мероприятий в крестьянском хозяйстве «Тоташ-Аян» Каратальского сельского округа»

Қолданыста Өзге акт ·№ 3 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Каратальского сельского округа Зайсанского района от 27 декабря 2018 года № 9 «Об установлении ограничительных мероприятий в крестьянском хозяйстве «Тоташ-Аян» Каратальского сельского округа»
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Қаратал ауылдық округінің «Тоташ-Аян» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 9 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3
Қабылданған күні
18.06.2019
Көрсетілген редакция
18.06.2019 132714_411255.kaz
Соңғы өзгеріс
18.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VKH06022
ЭКБ идентификаторы
132714
Редакция идентификаторы
132714_411255
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:29

0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Қаратал ауылдық

округінің «Тоташ-Аян» шаруа қожалығына шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан ауданы Қаратал
ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 9 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 136 ұсынысы негізінде Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округінің «Тоташ-Аян» шаруа қожалығының шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2

2. Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 9 «Қаратал ауылдық округінің «Тоташ-Аян» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2018 жылдың 28 желтоқсанда № 5-11-185 болып тіркелген, 2019 жылғы 05 қаңтарда «Достық» газетінде жарияланған және 2019 жылдың 08 қаңтарында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде, қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы