Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Теректинского района от 27 марта 2018 года № 90 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Государственного учреждения «Аппарат акима Теректинского района» и районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета

Қаулы · № 127 · қабылданған 26.05.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-90/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Теректинского района от 27 марта 2018 года № 90 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Государственного учреждения «Аппарат акима Теректинского района» и районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета Күшін жойған 17.05.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление акимата Теректинского района от 27 марта 2018 года № 90 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Государственного учреждения «Аппарат акима Теректинского района» и районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета

Күшін жойған Қаулы № 127 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Теректинского района от 27 марта 2018 года № 90 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Государственного учреждения «Аппарат акима Теректинского района» и районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета
Атауы (қаз.)
Теректі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 90 «Теректі ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
127
Қабылданған күні
26.05.2022
Көрсетілген редакция
17.05.2023 168229_633644.kaz
Соңғы өзгеріс
17.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22ZL00127A
ЭКБ идентификаторы
168229
Редакция идентификаторы
168229_633644
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:45
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

Теректі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 90 «Теректі ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Теректі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Теректі ауданы әкімдігінің «Теректі ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 27 наурыздағы № 90 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5130 болып тіркелген) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
41 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, бас маманмен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алынып тасталсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы М. Еркибаевқа жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.