Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 928 «Об утверждении Правил повышения квалификации и переподготовки кадров в области обеспечения единства измерений»

Бұйрық · № 601-НҚ · қабылданған 19.11.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-928/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 928 «Об утверждении Правил повышения квалификации и переподготовки кадров в области обеспечения единства измерений» Қолданыста Бұйрық ·№ 601-НҚ ·19.11.2021
19.11.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 928 «Об утверждении Правил повышения квалификации и переподготовки кадров в области обеспечения единства измерений»

Қолданыста Бұйрық ·№ 601-НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 928 «Об утверждении Правил повышения квалификации и переподготовки кадров в области обеспечения единства измерений»
Атауы (қаз.)
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 928 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
601-НҚ
Қабылданған күні
19.11.2021
Көрсетілген редакция
19.11.2021 160480_546322.kaz
Соңғы өзгеріс
19.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100025294
ЭКБ идентификаторы
160480
Редакция идентификаторы
160480_546322
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:45

0 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 928 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 928 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18080 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Біліктілік курстарын өткізу мерзімі мыналардан кем болмауы тиіс:
1) бір апта (қырық академиялық сағат) – өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша;
2) екі апта (сексен академиялық сағат) – өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрларды қайта даярлау бойынша.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Оқытудың қорытындысы бойынша білімді бақылауды біліктілік курсындағы оқыту бағдарламасының пәндеріне сәйкес, құрамына кем дегенде бес жыл жұмыс өтілімі бар өлшем бірлігін қамтамасыз ету және метрология саласындағы мамандар, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар кіретін ұйымның емтихан комиссиялары жүзеге асырады.
Білімді бағалау тестілеу түрінде жүзеге асырылады.
Білімді бақылау тестілеудің жалпы сұрақ санынан кемінде елу пайыз мөлшерінде дұрыс жауап жинаған кезде оң нәтижелі болып бағаланады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Білімді бақылау нәтижелері теріс болған жағдайда тыңдаушыға оқу курсын тыңдағаны туралы анықтама беріледі.
Білімді қайта бақылау тестілеу тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң жүргізіледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы