О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 930 «Об утверждении Правил проведения метрологической экспертизы нормативных правовых актов, технических регламентов, а также межгосударственных и национальных стандартов в области обеспечения единства измерений»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 930 «Об утверждении Правил проведения метрологической экспертизы нормативных правовых актов, технических регламентов, а также межгосударственных и национальных стандартов в области обеспечения единства измерений»
- Атауы (қаз.)
- «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 930 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 388-НҚ
- Қабылданған күні
- 02.06.2021
- Көрсетілген редакция
- 02.06.2021 156288_526933.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.06.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022924
- ЭКБ идентификаторы
- 156288
- Редакция идентификаторы
- 156288_526933
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:58
0
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 930 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҮЙЫРАМЫН:
1
1. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 930 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18114 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
7 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрінің
2021 жылғы 2 маусымдағы
№ 388-НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 930 бұйрығымен
бекітілді
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1 1) метрологиялық сараптама – метрологиялық талаптарды, өлшем бірлігімен байланысты қағидалар мен нормаларды қолдану дұрыстығын және толықтығын талдау және бағалау;
2 2) уәкілетті орган - техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
3
3. Өлшеулерге, өлшем құралдарына, оның ішінде стандартты үлгілерге қойылатын талаптарды қамтитын жобаларға және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттар жобаларына (сәйкестік дәрежесі ұқсас халықаралық және өңірлік стандарттар негізінде әзірленетін стандарттарды қоспағанда) метрологиялық сараптама міндетті болып табылады және оны мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі – МҒМО) жүргізеді.
4 4. Жобаларға және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі – НҚА) метрологиялық сараптамасы НҚА-ға метрологиялық сараптама жөніндегі тиісті республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады.
5
5. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде әзірленген қолданыстағы техникалық регламенттерге (бұдан әрі – ТР) жобаларының және оларға стандарттар тізбелерінің метрологиялық сараптамасын уәкілетті орган ұйымдастырады және ТР метрологиялық сараптамасы жөніндегі республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде іске асырады.
6 6. Мемлекетаралық және ұлттық стандарттар (бұдан әрі – стандарттар) жобаларының метрологиялық сараптамасы:
«Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін ұлттық стандарттау жоспар;
стандарт әзірлеушісінің бастамасы бойынша әзірленген стандарттардың әзірлеушісінің өтінімі бойынша шарт негізінде жүзеге асырылады.
7 7. Метрологиялық сараптамаға өнім мен көрсетілетін қызметтерге, жұмыстарға (процестерге), бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістеріне арналған стандарттардың жобалары жатады, олар:
өлшемдер дәлдігінің сипаттамаларына, өлшеуіш бақылаудың нақтылығына қойылатын талаптарды;
өлшемдерді орындау әдістемелеріне, өлшем құралдарына, стандартты үлгілерге, аттестатталған қоспаларға қойылатын талаптарды;
өлшемдерді орындау әдістемелерін, талдауды, сынақтарды және өлшеуіш бақылауды;
заттар мен материалдардың қасиеттері туралы деректерді, оның ішінде стандартты анықтамалық деректерді;
стандартты үлгілерді қолдануды;
өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу әдістемелерін.
2 2-тарау. Нормативтік құқықтық актілерге метрологиялық сараптама жүргізу тәртібі
8 8. Өлшемдерге, өлшем құралдарына, стандарттық үлгілерге қойылатын талаптарды қамтитын НҚА әзірлеушісі оны метрологиялық сараптама жүргізу үшін МҒМО ұсынады.
9 9. Метрологиялық сараптама 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімінде жүзеге асырылады.
Метрологиялық сараптама жүргізу кезінде талдау жасалады және бағалау жүргізіледі:
метрологиялық талаптарды белгілеу және сақтау дұрыстығы;
дәлдік көрсеткіштеріне, өлшемдерге, өлшем құралдарына, стандартты үлгілерге, өлшем әдістемелеріне (әдістеріне), реттеу объектілері сипаттамаларының сәйкестігін бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, метрологиялық талаптарды баяндаудың болуына, толық жазылуы;
белгіленген міндетті метрологиялық талаптардың іске асырылуын;
дәлдік көрсеткіштерінің реттеу берілген объектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігі;
құралдардың және зерттеулер (сынақтар) әдістемелерінің (әдістерінің) және өлшемдердің өлшем дәлдігінің белгіленген көрсеткіштеріне сәйкестігі;
акт жобасында көрсетілген өлшем құралдарын, техникалық жүйелер мен өлшем функциялары бар құрылғыларды метрологиялық қамтамасыз ету мүмкіндіктері;
өлшемдер нәтижелерін өңдеу алгоритмдерінің НҚА жобасында жазылған зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер міндеттеріне сәйкестігі;
метрологиялық терминдерді, өлшенетін шамалардың атаулары мен белгіленулерін қолданудың дұрыстығы.
10 10. Метрологиялық сараптама нәтижелері бойынша МҒМО НҚА-ны әзірлеушісіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нормативтік құқықтық актінің метрологиялық сараптамасы жөніндегі қорытындыны жібереді.
3 3-тарау. Техникалық регламенттерге метрологиялық сараптама жүргізу тәртібі
11
11. Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы ТР және олардың жобаларына, зерттеу (сынау) және өлшем қағидалары мен әдістерін қамтитын стандарт тізбелерінің жобаларына немесе ТР-ға өзгерістер енгізу туралы акті жобаларына немесе стандарт тізбелеріне өзгерістер енгізу туралы актіге метрологиялық сараптама, қолдану нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін, зерттеу (сынау) және өлшем қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 10 шешімімен (бұдан әрі – Шешім) бекітілген техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің жобасына, стандарттар тізбесінің жобасына метрологиялық сараптама жүргізу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
ТР метрологиялық сараптамасының нәтижелері бойынша МҒМО ТР әзірлеушісіне Шешімнің қосымшасына сәйкес нысан бойынша Техникалық регламенттің метрологиялық сараптамасы бойынша қорытындыны жібереді.
4 4-тарау. Стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу тәртібі
12 12. Стандарттардың метрологиялық сараптамасы ҚР СТ 2.71 «Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Құжаттардың метрологиялық сараптамасы. Негізгі ережелерге» сәйкес жүзеге асырылады.
МҒМО метрологиялық сараптамасының нәтижелері бойынша 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімінде стандартты әзірлеушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекетаралық және ұлттық стандарттардың метрологиялық сараптамасы жөніндегі қорытындыны жібереді.
1 Нормативтік құқықтық актінің метрологиялық сараптамасы бойынша қорытынды
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Нормативтік құқықтық актінің метрологиялық сараптамасы бойынша
қорытынды
Нормативтік құқықтық актінің атауы _____________________________________
Әзірлеуші-мемлекеттік орган ____________________________________________
Заңнама саласы _______________________________________________________
Құқықтық реттеу мәні __________________________________________________
Метрологиялық сараптама нәтижелері ___________________________________
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама ережелеріне нормативтік
құқықтық актінің сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы
тұжырым ____________________________________________________________
Сараптама жүргізген сарапшы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
2 Мемлекетаралық және ұлттық стандарттардың метрологиялық сараптамасы бойынша қорытынды
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу қағидаларына
2-қосымша
нысан
Мемлекетаралық және ұлттық стандарттардың метрологиялық сараптамасы бойынша
қорытынды
Стандарттың атауы ___________________________________________________
Үйлестіру үшін қолданылатын стандарттау жөніндегі құжаттың белгіленуі және
атауы _______________________________________________________________
Құжатты ұсынған ұйым ________________________________________________
Стандарт белгілейді ___________________________________________________
Метрологиялық сараптама нәтижелері ___________________________________
Сараптаманың өзге де нәтижелері _______________________________________
Сараптама қорытындысы ______________________________________________
Сараптама жүргізген сарапшы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)