О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 931 «Об утверждении Правил утверждения типа, испытаний для целей утверждения типа, метрологической аттестации средств измерений и оказания государственных услуг «Выдача сертификата об утверждении типа средств измерений» и «Выдача сертификата о метрологической аттестации средств измерений», формы сертификата об утверждении типа средств измерений и установления формы знака у
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 931 «Об утверждении Правил утверждения типа, испытаний для целей утверждения типа, метрологической аттестации средств измерений и оказания государственных услуг «Выдача сертификата об утверждении типа средств измерений» и «Выдача сертификата о метрологической аттестации средств измерений», формы сертификата об утверждении типа средств измерений и установления формы знака у
- Атауы (қаз.)
- «Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету, өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат нысанын және типті бекіту белгісінің нысанын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 93
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 354-НҚ
- Қабылданған күні
- 24.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2021 156168_525510.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022837
- ЭКБ идентификаторы
- 156168
- Редакция идентификаторы
- 156168_525510
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:03
0
«Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету, өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат нысанын және типті бекіту белгісінің нысанын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 931 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету, өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат нысанын және типті бекіту белгісінің нысанын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 931 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18110 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңның 17-бабының 1-тармағына сәйкес айналымға шығарар алдында мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары, Заңның 6-2-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен өлшем құралдарын бастапқы тексеру нәтижелері бойынша айналымға шығарылатын өлшем құралдарының тізбесіне енгізілген өлшем құралдарын қоспағанда, типін бекітілуге жатады.
Өлшем құралдарының типін бекіту туралы шешімді уәкілетті орган өлшем құралдарының типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтардың оң нәтижелерінің негізінде қабылдайды және осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілетін нысан бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатпен куәландырылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын, бір данада айналымға шығарылатын өлшем құралдары үшін, Заңның 6-2-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен өлшем құралдарын бастапқы тексеру нәтижелері бойынша айналымға шығарылатын өлшем құралдарының тізбесіне енгізілген өлшем құралдарын қоспағанда, метрологиялық аттестаттау жүргізуге жол беріледі.
Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы шешім осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес метрологиялық аттестаттау туралы сертификатпен куәландырылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Мемлекеттік метрологиялық бақылауға жатпайтын өлшем құралдарына қатысты өлшем құралдарының типін бекіту және метрологиялық аттестаттау ерікті түрде жүргізіледі.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі осы параграфта – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан стандарттау және метрология институты (Қазстандарт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі осы параграфта – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
6- қосымшада:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
«Қазақстан стандарттау және метрология институты (Қазстандарт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
».
2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі