Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 934 «Об утверждении Правил проведения поверки средств измерений, установления периодичности поверки средств измерений и формы сертификата о поверке средств измерений»

Бұйрық · № 438-НҚ · қабылданған 30.06.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-934-ekb-156827/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 934 «Об утверждении Правил проведения поверки средств измерений, установления периодичности поверки средств измерений и формы сертификата о поверке средств измерений» Қолданыста Бұйрық ·№ 438-НҚ ·30.06.2021
30.06.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 934 «Об утверждении Правил проведения поверки средств измерений, установления периодичности поверки средств измерений и формы сертификата о поверке средств измерений»

Қолданыста Бұйрық ·№ 438-НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 934 «Об утверждении Правил проведения поверки средств измерений, установления периодичности поверки средств измерений и формы сертификата о поверке средств измерений»
Атауы (қаз.)
«Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің кезеңділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
438-НҚ
Қабылданған күні
30.06.2021
Көрсетілген редакция
30.06.2021 156827_529854.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023363
ЭКБ идентификаторы
156827
Редакция идентификаторы
156827_529854
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:44

0

«Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің кезеңділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің кезеңділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің кезеңділігін белгілеу қағидаларында және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификат нысанында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралы иесінің (пайдаланушының), өлшем құралдарын дайындаушының, мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – өтініш берушілер) өтінімі негізінде жүргізіледі.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Өлшем құралдарын бастапқы, мерзімді және кезектен тыс салыстырып тексеру нәтижелерін ресімдеу өлшем құралдарының типін бекітуге арналған сынау және метрологиялық аттестаттау рәсімі кезінде ҚР МӨЖ тізілімінде тіркелген өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Салыстырып тексерудің оң нәтижелері өлшем құралына және (немесе) пайдалану құжаттамасының тиісті бөліміне басылатын салыстырып тексеру таңбасының бедерімен, сондай-ақ осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатты берумен куәландырылады.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың қолданылу мерзімі өлшем құралдарын салыстырып тексеру кезеңділігін есепке алып көрсетіледі.
Егер өлшем құралы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша қолдануға жарамсыз деп танылса, онда қолданыстағы салыстырып тексеру таңбасының бедері өшіріледі және пайдалану құжаттамасында тиісті жазба жасалады, қолданыстығы өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың күші жойылады және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолданысқа жарамсыздығы туралы хабарлама жазылады.»;
өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу, салыстырып тексерудің кезеңділігін белгілеу қағидаларына және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификат нысанына қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарының салыстырып тексерудің кезеңділігін белгілеу қағидаларына және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификат
нысанына 2-қосымша»;
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттың нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасының

сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 30 маусымдағы
№ 438-НҚ
бұйрығына 1-қосымша
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу, салыстырып тексерудің кезеңділігін белгілеу қағидаларына және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы
сертификат нысанына
1-қосымша
Нысан
Өтініш берушінің заңды мәртебесі*:
Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
То­лық ата­уы
Есеп ай­ы­ры­су шо­ты
Банк­тік сәй­кестен­ді­ру ко­ды
Те­ле­фон нө­мі­рі
Веб-сайт
Элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы
1
2
3
4
5
6
7
Басшы туралы мәліметтер*:
Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Те­гі
Аты
Әке­сі­нің аты
(бар болған жағ­дай­да)
Ла­у­а­зы­мы
Ұя­лы те­ле­фон
Элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы
1
2
3
4
5
6
7
Өтініш беруші туралы мәліметтер**:
Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Те­гі
Аты
Әке­сі­нің аты
(бар болған жағ­дай­да)
Ұя­лы те­ле­фон
Элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы
1
2
3
4
5
6
Өлшеу құралы туралы мәліметтер:
Өл­шеу құ­ра­лы­ның
ата­уы
Өл­шеу құ­ра­лы­ның
тү­рі
Өл­шем құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну­шы­ның биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Өл­шем құ­ра­лын пай­да­ла­ну­шы­ның ата­уы/те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)
Өл­шеу құ­ра­лы пай­да­ла­ну­шысы­ның ме­кен-жайы
Дай­ын­дал­ған ел
Дай­ын­дал­ған жы­лы
Са­ны
1
2
3
4
5
6
7
8
Қосымша: пайдалану құжаттамасы
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Өтініш берушінің қолтаңбасы:_______
Өтініш берушінің қолтаңбасы қол қойылған күні мен уақыты: ___.
Ескертпе:
* деректерді заңды тұлғалар ұсынады;
** деректерді жеке тұлғалар ұсынады.

2 Қазақстан Республикасының

сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 30 маусымдағы
№ 438-НҚ
бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934
бұйрығына қосымша
Нысан
Салыстырып тексеру туралы ______________________________________
(өлшем құралының атауы)
Типі ___________________________________________________________
зауыттық нөмірі _________________________________________________
_______________________________________________________________
(өлшем құралының өлшеу диапазоны)
Дайындаушы _________________________
Дайындау күні ________________________
Пайдаланушы ____________________________________________________
(жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
заңды тұлғалар үшін атауы және мекенжайы)
Салыстырып тексеру _____________________________________________
_________________________________________________________ сәйкес
(салыстырып тексеру әдістемесінің белгіленуі мен атауы)
________________________________________________________________
(шама бірлігі эталонының белгіленуі, зауыттық нөмірі, метрологиялық сипаттамалары)
шама бірліктерінің эталондарын пайдалана отырып жүргізілді.
Салыстырып тексеру нәтижелерінің негізінде өлшем құралы жарамды деп
танылды және _____________________________________ сыныбы бойынша
_____________________________________ ретінде қолданысқа жіберілді.
Динамикалық бақылап тексеру коды (ДБК): __________________________
Салыстырып тексеру күні 20__жылғы «___»_______
20 __ жылғы «___»___________ дейін қолданылады.
Бөлім (зертхана) басшысы _________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Салыстырып тексеруші _____________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Салыстырып тексеру таңбасының бедері ***
Ескертпе:
* Аккредиттеу белгісін аккредиттеу жөніндегі орган ұсынады;
**Өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың нөмірі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 215 бұйрығымен бекітілген, Салыстырып тексеруші таңбаларды дайындау, сақтау және қолдану Ережелеріне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9582 нөмірмен тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) берілген салыстырып тексеру зартханаларының шифрін, 2.42-2002 «ҚР МӨЖ. Өлшем түрлері. Жіктеу» ұлттық стандартына және сәйкес өлшем түрлерінің нөмірін және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың реттік нөмірін қамтиды;
*** Қағидаларға сәйкес екі еселік QR-коды.

Қолданыстағы