О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 935 «Об утверждении Правил проведения аттестации, переаттестации и отзыва сертификатов поверителей средств измерений, а также квалификационных требований к ним»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 935 «Об утверждении Правил проведения аттестации, переаттестации и отзыва сертификатов поверителей средств измерений, а также квалификационных требований к ним»
- Атауы (қаз.)
- «Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптары қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 935 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15-НҚ
- Қабылданған күні
- 18.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2023 178168_615527.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031737
- ЭКБ идентификаторы
- 178168
- Редакция идентификаторы
- 178168_615527
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:36
0
«Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптары қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 935 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптары қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 935 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18086 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптары қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салыстырып тексерушіні қайта аттестаттау үшін құжаттар бұрын берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі өткенге дейін, бірақ екі айдан ерте емес мерзімде МҒМО-ға ұсынылады.»;
6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабының 1)-9) тармақшаларына сәйкес, жоғары техникалық білімі бар кандидаттарды қоспағанда, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында екі жылдан кем емес жұмыс өтілін растайтын құжаттар;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салыстырып тексерушілерді қайта аттестаттау үшін 3), 5) және 6) тармақшаларды қоспағанда, осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес құжаттар жиынтығы жіберіледі.
Сертификаттың жарамдылық мерзімі өткен соң алты айдан кешіктірмей қайта аттестаттауға құжаттарды ұсынғанда өтініш берілген өлшемнің түрі бойынша тағылымдамадан өту талап етілмейді.».