О внесений изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 27 июня 2019 года № 140/НҚ «Об утверждении методики расчета и нормативов затрат на создание, развитие и сопровождение объектов информатизации государственных органов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесений изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 27 июня 2019 года № 140/НҚ «Об утверждении методики расчета и нормативов затрат на создание, развитие и сопровождение объектов информатизации государственных органов»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 140/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 366/НҚ
- Қабылданған күні
- 30.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2022 172517_596662.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200030029
- ЭКБ идентификаторы
- 172517
- Редакция идентификаторы
- 172517_596662
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:40
0
«Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 140/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесін және олардың нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 140/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18927 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында (http://stat.gov.kz) жарияланған «Халықты жұмыспен қамту және жалақы төлемі» статистикалық бюллетені бойынша соңғы жыл үшін жобаның іске асырылуының нақты орны үшін «Бағдарламалық қамтылым инженері» - Жоорт. кәсібі бойынша жалақы мөлшерін анықтаймыз. Әрі қарай соңғы үш жыл үшін инфляцияның орташа мөлшерін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның тарихи деректері бойынша өткен соңғы үш жыл мәнінің орташа арифметикалық мәні ретінде анықтаймыз - Иорт. Мына формула (9) бойынша АКТ саласындағы жобаның іске асырылуының орташа жыл санын анықтаймыз:
Жылорт=[R/12] +1, (9)
онда:
Жылорт – АКТ саласындағы жобаның іске асырылуының орташа жыл саны;
шаршы жақшалар санның тұтас бөлігін білдіреді;
R – АКТ саласындағы жобаны іске асыру мерзімінің айлары (осы Әдістеменің 39-тармағы бойынша бұрын анықталған).
Әрбір іске асыру жылы – і үшін орташа айлық номиналдық жалақыны- Жiорт формула бойынша (10) анықтаймыз:
Жiорт=Жi-1орт * (1+И орт/100), (10)
Жiорт – орташа айлық номиналдық жалақы;
i – 1-ден Жылорт-ға дейін өзгереді;
Иорт – инфляцияның орташа мөлшері.
Әзірлеушінің нормативтік шығыс коэффициенттерінің мәндері (ПҮШ, ПКШ, ПР) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектісін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындар нормативтерінде келтірілген.
(12) формуласы бойынша іске асыру жылдары бойынша ҚБҚ әзірлеудің еңбек сыйымдылығын анықтаймыз:
Si = S/Жылорт, (12)
мұнда i 1-ден Жылорт-ға дейін өзгереді.
СҚБҚ ақпараттандыру объектісінің ҚБҚ әзірлеу жұмыстарының құны мынадай формула бойынша жүргізіледі:
онда:
Ссынау – бағдарламалық қамтылымның сынау құны.».