Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в указы Президента Республики Казахстан от 27 августа 2019 года № 141 «О некоторых вопросах Президентского молодежного кадрового резерва» и от 15 июня 2023 года № 255 «Об утверждении Правил формирования регионального кадрового резерва области, города республиканского значения, столицы и назначения из него и внесении изменений в указы Президента Республики Казахстан от 7 марта 2013 года № 520 «О Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики

Жарлық · № 418 · қабылданған 22.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2019-no-141-15-2023-no-255-7-2013-no-520-27-2019-no-141/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в указы Президента Республики Казахстан от 27 августа 2019 года № 141 «О некоторых вопросах Президентского молодежного кадрового резерва» и от 15 июня 2023 года № 255 «Об утверждении Правил формирования регионального кадрового резерва области, города республиканского значения, столицы и назначения из него и внесении изменений в указы Президента Республики Казахстан от 7 марта 2013 года № 520 «О Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики Қолданыста Жарлық ·№ 418 ·22.12.2023
22.12.2023 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в указы Президента Республики Казахстан от 27 августа 2019 года № 141 «О некоторых вопросах Президентского молодежного кадрового резерва» и от 15 июня 2023 года № 255 «Об утверждении Правил формирования регионального кадрового резерва области, города республиканского значения, столицы и назначения из него и внесении изменений в указы Президента Республики Казахстан от 7 марта 2013 года № 520 «О Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики

Қолданыста Жарлық ·№ 418 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в указы Президента Республики Казахстан от 27 августа 2019 года № 141 «О некоторых вопросах Президентского молодежного кадрового резерва» и от 15 июня 2023 года № 255 «Об утверждении Правил формирования регионального кадрового резерва области, города республиканского значения, столицы и назначения из него и внесении изменений в указы Президента Республики Казахстан от 7 марта 2013 года № 520 «О Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 және «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы» 2013 жылғы 7 на
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
418
Қабылданған күні
22.12.2023
Көрсетілген редакция
22.12.2023 190498_674033.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2300000418
ЭКБ идентификаторы
190498
Редакция идентификаторы
190498_674033
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 14:31

0

Қазақстан Республикасы Президентінің «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 және «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы»
2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 және «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 15 маусымдағы № 255 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1 1) «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлттық комиссияның міндеттері:
1) Резервті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіру;
2) Резервке алу, Резервтен шығару туралы мəселелерді шешу;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Резервті қалыптастыру мәселелері жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
4) іріктеу жүргізілмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервтеріне (бұдан әрі – өңірлік резервтер) алынуға жататын кандидаттарды айқындау болып табылады.
4. Ұлттық комиссияға міндеттеріне сәйкес мынадай функциялар жүктеледі:
1) Резервке алуға ұсынылған кандидаттарды қарау;
2) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұрау салуларды жіберу және мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан ақпарат алу;
3) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
4) адамды Резервтен шығару туралы мәселені қарау;
5) іріктеу жүргізілмей, өңірлік резервтерге алынуға жататын кандидаттардың тізімін бекіту.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидаларында:
6-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Ұлттық комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен қалыптастырылады.
Ұлттық комиссия:
1) кандидаттарды үш жыл мерзімге Резервке алу туралы шешім шығарады;
2) іріктеу жүргізілмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервтеріне алынуға жататын кандидаттардың тізімін бекітеді.
Қажет болған жағдайда Ұлттық комиссия кандидаттармен әңгімелесу өткізеді.
Іріктеу жүргізілмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервтеріне алынуға жататын кандидаттардың тізіміне Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау сатысында іріктеуге қатысқан, бірақ Резервке енгізілмеген кандидаттар енгізіледі.»;
2) «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы» 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 және «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 255 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидалары:
мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
«2-1 тарау. Іріктеу жүргізілмей өңірлік резервке алу
13-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия бекіткен іріктеу жүргізілмей, өңірлік резервтерге алынуға жататын кандидаттардың тізіміне енгізілген Президенттік жастар кадр резервіне кандидаттар (бұдан әрі – Президенттік резервке кандидаттар) комиссияға өңірлік резервке алу туралы өтініш берген жағдайда іріктеу жүргізілмей өңірлік резервке алынады.
13-2. Президенттік резервке кандидат осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қалыптастырылған өңірлік резервті өзі дербес таңдап, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия іріктеу жүргізілмей, өңірлік резервтерге алынуға жататын кандидаттардың тізімін бекіткен күннен бастап бір жыл ішінде тиісті комиссияға өтініш береді.
13-3. Комиссия өтінішті алған күннен бастап бір ай ішінде Президенттік резервке кандидатты өңірлік резервке екі жыл мерзімге алу туралы шешім шығарады.
13-4. Президенттік резервке кандидаттар осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған өңірлік резервке алынатын кандидаттар санына қосымша өңірлік резервке алынады.».

2 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы