О внесении изменений и дополнений в приказ Первого заместителя Премьер – Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 27 декабря 2019 года № 1431 «Об утверждении Положения о Комитете казначейства Министерства финансов Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Первого заместителя Премьер – Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 27 декабря 2019 года № 1431 «Об утверждении Положения о Комитете казначейства Министерства финансов Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1431 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 323
- Қабылданған күні
- 24.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2024 197217_704024.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24E0000323
- ЭКБ идентификаторы
- 197217
- Редакция идентификаторы
- 197217_704024
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:24
0 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1431 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1431 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.»;
13-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) республикалық, жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің бюджеттерінің арасындағы түсімдердің бөлінуін қамтамасыз ету;»;
15-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) түсімдерді әртүрлі деңгейлердегі бюджеттерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, арнаулы мемлекеттік қорына және ЕАЭО мүше мемлекеттерге бюджеттерінің бөлу нормативтерін ҚБАЖ-да жүргізу;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бюджеттерінің арасында бөлу, кейіннен тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке алу;»;
53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«53) мемлекеттiк мекемелер ұсынатын қаржылық құжаттардың қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкестігіне ағымдағы бақылау;»;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелері – аумақтық органдарының тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
«43-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Алатау қаласы бойынша қазынашылық басқармасы.»;
мынадай мазмұндағы 62-1 және 62-2-тармақтармен толықтырылсын:
«62-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Үлкен Нарын ауданы бойынша қазынашылық басқармасы.
62-2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Марқакөл ауданы бойынша қазынашылық басқармасы.»;
мынадай мазмұндағы 201-1-тармақпен толықтырылсын:
«201-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Абай облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Мақаншы ауданы бойынша қазынашылық басқармасы.»;
208-тармақ алынып тасталсын;
209-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«209. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті.».