О внесении изменений в постановление акимата Сарыагашского района от 27 июня 2019 года № 251 «Об установлении публичного сервитута»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Сарыагашского района от 27 июня 2019 года № 251 «Об установлении публичного сервитута»
- Атауы (қаз.)
- Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 251 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 18
- Қабылданған күні
- 27.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2021 152489_506806.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21UK006036
- ЭКБ идентификаторы
- 152489
- Редакция идентификаторы
- 152489_506806
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:43
0 Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 251 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 маусымдағы №251 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5102 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 12 шілдеде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін салу үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.»;
2-тармақтың 2) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.