О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 27 ноября 2019 года № 338/3 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по Павлодарской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 27 ноября 2019 года № 338/3 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по Павлодарской области»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы «Павлодар облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» № 338/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 78/1
- Қабылданған күні
- 25.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 25.03.2022 165914_566517.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22P0027360
- ЭКБ идентификаторы
- 165914
- Редакция идентификаторы
- 165914_566517
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:56
0 Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы «Павлодар облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» № 338/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы «Павлодар облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» № 338/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6647 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Павлодар облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларында:
4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«4. Павлодар облысы әкімінің орынбасары Комиссияның төрағасы болып табылады, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салалық басқармаларының қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері Комиссияның мүшелері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.»;
8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«8. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасасу жолымен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.»;
31-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«31. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін Комиссия мынадай талаптардың (критерийлердің) біріне сәйкес келген жағдайда айқындайды:
1) кәсіпкерлік субъектілерінде жалға алу немесе жеке меншік құқығында азық-түлік тауарларын тиісінше сақтауға және Павлодар облысының аумағында азық-түлік тауарларын сатып алу және өзге де операцияларды орындауға арналған және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сауда-логистикалық инфрақұрылымның (қойма құрылыстары, арнайы жабдығы бар үй-жайлар) болуы;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек саудасын жүзеге асыру;
3) Павлодар облысының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруді және/немесе өсіруді жүзеге асыру.».
2 2. «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.