О внесении изменения в решение Атырауского областного маслихата от 27 августа 2019 года № 352-VІ «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Атырауской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Атырауского областного маслихата от 27 августа 2019 года № 352-VІ «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Атырауской области»
- Атауы (қаз.)
- Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 467-VI
- Қабылданған күні
- 24.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2020 146156_479481.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20T0004719
- ЭКБ идентификаторы
- 146156
- Редакция идентификаторы
- 146156_479481
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:06
0 Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 14-1 бабының 2-тармағына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті XLVI сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4490 болып тіркелген, 2019 жылы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Абдолов) жүктелсін.
3 3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі
Атырау облыстық мәслихатының
2020 жылғы 24 тамызы № 467-VI
шешіміне қосымша
Атырау облыстық мәслихатының
2019 жылғы 27 тамыздағы
№ 352-VІ шешіміне қосымша
Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі
1
1. Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
2 2. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін тұрғын үй сертификаттарын әлеуметтік көмек (қайтарымсыз және қайтарылмайтын негізде беріледі) немесе әлеуметтік қолдау (ақылылық, қайтарымдылық, мерзімділік шарттарымен бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес бюджеттік кредит түрінде беріледі) ретінде бастапқы жарнаның сомасы 99% мөлшерінде ұсынады.
Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 (бір) миллион теңгеден аспауы тиіс.