О внесении изменения в решение Атырауского областного маслихата «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Атырауской области» от 27 августа 2019 года № 352-VІ
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Атырауского областного маслихата «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Атырауской области» от 27 августа 2019 года № 352-VІ
- Атауы (қаз.)
- Атырау облыстық мәслихатының «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 75-VII
- Қабылданған күні
- 29.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2021 159372_540832.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21T0024716
- ЭКБ идентификаторы
- 159372
- Редакция идентификаторы
- 159372_540832
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:32
0 Атырау облыстық мәслихатының «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 27 тамыздағы
№352-VІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы
ШЕШТІ:
1
1. Атырау облыстық мәслихатының «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 27 тамыздағы №352-VІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4490 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесі
Атырау облыстық мәслихатының
2021 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 75-VII шешіміне қосымша
Атырау облыстық мәслихаттың
2019 жылғы 27 тамыздағы
№ 352-VІ шешіміне қосымша
Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесі
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін, Атырау облысындағы тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін айқындау:
1 1) бастапқы жарна сомасынан 90 пайызы, бірақ әлеуметтік көмек түрінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайды;
2 2) бастапқы жарна сомасынан 50 пайызы, бірақ әлеуметтік қолдау түрінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайды.
Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеге дейін бірыңғай мөлшерде айқындалады.