Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Атырауского областного маслихата от 27 августа 2019 года № 352-VІ «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Атырауской области»

Өзге акт · № 66-VIII · қабылданған 11.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2019-no-352-v-ekb-190249/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Атырауского областного маслихата от 27 августа 2019 года № 352-VІ «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Атырауской области» Қолданыста Өзге акт ·№ 66-VIII ·11.12.2023
11.12.2023 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Атырауского областного маслихата от 27 августа 2019 года № 352-VІ «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Атырауской области»

Қолданыста Өзге акт ·№ 66-VIII · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Атырауского областного маслихата от 27 августа 2019 года № 352-VІ «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Атырауской области»
Атауы (қаз.)
Атырау облыстық мәслихатының «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
66-VIII
Қабылданған күні
11.12.2023
Көрсетілген редакция
11.12.2023 190249_672652.kaz
Соңғы өзгеріс
11.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23T0510806
ЭКБ идентификаторы
190249
Редакция идентификаторы
190249_672652
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:00

0 Атырау облыстық мәслихатының «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Атырау облыстық мәслихатының «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4490 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесі

Атырау облыстық
мәслихатының 2023 жылғы
11 желтоқсандағы № 66-VIII
шешіміне қосымша
Атырау облыстық
мәслихаттың 2019 жылғы
27 тамыздағы № 352-VІ
шешіміне қосымша
Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесі

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Атырау облысында Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеге дейін мөлшерде айқындалады.

2 2. Тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттары.

1 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

2 2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

3 3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

4 4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

5 5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

6 6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;

7 7) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

8 8) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;

9 9) қандастар;

10 10) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

11 11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

12 12) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

13 13) толық емес отбасылар.

Қолданыстағы