Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в решение Атырауского областного маслихата от 27 августа 2019 года № 352-VІ «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Атырауской области»

Өзге акт · № 167-VIII · қабылданған 30.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2019-no-352-v-ekb-209794/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в решение Атырауского областного маслихата от 27 августа 2019 года № 352-VІ «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Атырауской области» Қолданыста Өзге акт ·№ 167-VIII ·30.04.2025
30.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в решение Атырауского областного маслихата от 27 августа 2019 года № 352-VІ «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Атырауской области»

Қолданыста Өзге акт ·№ 167-VIII · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в решение Атырауского областного маслихата от 27 августа 2019 года № 352-VІ «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Атырауской области»
Атауы (қаз.)
«Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VI шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
167-VIII
Қабылданған күні
30.04.2025
Көрсетілген редакция
30.04.2025 209794_755800.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25T0527506
ЭКБ идентификаторы
209794
Редакция идентификаторы
209794_755800
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:42

0 «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VI шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4490 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
қосымшада:
Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесінде:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үйді сатып алу кезінде бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Атырау облысында әрбір алушыға тұрғын үй сертификатының сомасы 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалады.»;
2-тармақ келесі мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) жатады.».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы