Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 27 мая 2019 года № 378 «Об утверждении Инструкции о мерах пожарной безопасности в Вооруженных Силах Республики Казахстан»

Бұйрық · № 97 · қабылданған 28.02.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2019-no-378/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 27 мая 2019 года № 378 «Об утверждении Инструкции о мерах пожарной безопасности в Вооруженных Силах Республики Казахстан» Күшін жойған 10.02.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 27 мая 2019 года № 378 «Об утверждении Инструкции о мерах пожарной безопасности в Вооруженных Силах Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық № 97 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 27 мая 2019 года № 378 «Об утверждении Инструкции о мерах пожарной безопасности в Вооруженных Силах Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 378 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
97
Қабылданған күні
28.02.2022
Көрсетілген редакция
10.02.2023 165028_620885.kaz
Соңғы өзгеріс
10.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027035
ЭКБ идентификаторы
165028
Редакция идентификаторы
165028_620885
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:19
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы

№ 378 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 378 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықта:
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Әскери инфрақұрылым бас басқармасы мыналарды орнатуды, қызмет көрсетуді және жөндеуді:
1) автоматты өрт дабылдамасын;
2) автоматты өрт сөндіру жүйелерін;
3) найзағайдан қорғау құрылғыларын;
4) сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтауды (өрт сөндіру крандары, гидранттар, су тоғандары);
5) электр шаруашылығын;
6) жанар-жағармай материалдары қоймалары жерүсті резервуарлары топтарының, зымырандарды, қару мен оқ-дәрілерді сақтау орындарының айналасына топырақ үюді қамтамасыз етеді.»;
207-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«207. Оқ-дәрілерді жөндеу және жиынтықтау цехы үшін өрт шығу және жарылу тұрғысынан жарылу қауіптілігінің санаты белгіленген. Өрт ошақтарының мүмкін болатын жарылыстармен елеулі қашықтыққа ұшуы және таралуы тұрғысынан аса қауіпті.
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) сәйкес оқ-дәрілері жоқ немесе құрамында жарылғыш заттары, дәрілері, пиротехникалық құрамдары және олардан жасалған бұйымдары жоқ оқ-дәрілері бар ғимараттар, құрылыстар (сақтау орындары) және үй-жайлар өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша санаттарға бөлінеді.».

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
____________________________