Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Павлодарского областного маслихата от 27 сентября 2019 года № 381/34 «Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в Павлодарской области»

Ереже · № 31/3 · қабылданған 27.06.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2019-no-38134-ekb-183508/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Павлодарского областного маслихата от 27 сентября 2019 года № 381/34 «Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в Павлодарской области» Күшін жойған Ереже ·№ 31/3 ·27.06.2023
07.06.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Павлодарского областного маслихата от 27 сентября 2019 года № 381/34 «Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в Павлодарской области»

Күшін жойған Ереже ·№ 31/3 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Павлодарского областного маслихата от 27 сентября 2019 года № 381/34 «Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в Павлодарской области»
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 381/34 «Павлодар облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
31/3
Қабылданған күні
27.06.2023
Көрсетілген редакция
07.06.2024 183508_705409.kaz
Соңғы өзгеріс
07.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23P000313M
ЭКБ идентификаторы
183508
Редакция идентификаторы
183508_705409
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:13

0 Павлодар облысы мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі

№ 381/34 «Павлодар облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облыстының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Павлодар облысы мәслихатының «Павлодар облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары туралы» 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 381/34 шешіміне (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 6563 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімен бекітілген Павлодар облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары:

2 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

2 «2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;

2

2) жерлеу – санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, марқұмның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрпына және дәстүрлеріне сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін) жерге (қабірге, лақатқа) жерлеу немесе күлі бар урнаны қабірге, сағанаға жерлеумен отқа жағу (кремациялау) жөніндегі салт-жора әрекеттері;

3 3) зират (қабір) – қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін жерлеу орны;

4 4) зират қорымы – қайтыс болған адамдарды немесе олардың қалдықтарын жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;

5 5) зират қорымының әкімшілігі – зират қорымын ұстау және пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.»;

7 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Жерлеу зират қорымының әкімшілігіне қайтыс болуды тіркеуді жүзеге асыратын тіркеуші орган берген қайтыс болу туралы куәлікті және (немесе) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 045/у нысаны бойынша қайтыс болу туралы медициналық куәлікті не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы хабарламаны ұсынғаннан кейін зират қорымының аумағында жүргізіледі»;

9 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

9 «9. Есепке алу журналында мынадай мәліметтер қамтылады:

жерлеу жылы, айы, күні;
зираттың (қабірдің) нөмірі;
қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
туған және қайтыс болған күні;
өлімнің себебі;
«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы куәліктің немесе хабарламаның нөмірі, күні және кімнің бергені;
марқұмның жақын туыстарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі, мекенжайы, туыстары болмаған жағдайда, жерлеуді жүргізген адамның мекенжайы не жерлеуді жүргізген ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы