Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 27 июня 2019 года № 444 «Об утверждении Правил технической эксплуатации, обслуживания и ремонта подвижного состава»

Бұйрық · № 166 · қабылданған 27.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2019-no-444/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 27 июня 2019 года № 444 «Об утверждении Правил технической эксплуатации, обслуживания и ремонта подвижного состава» Қолданыста Бұйрық ·№ 166 ·27.05.2025
27.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 27 июня 2019 года № 444 «Об утверждении Правил технической эксплуатации, обслуживания и ремонта подвижного состава»

Қолданыста Бұйрық ·№ 166 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 27 июня 2019 года № 444 «Об утверждении Правил технической эксплуатации, обслуживания и ремонта подвижного состава»
Атауы (қаз.)
«Жылжымалы құрамды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 444 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
166
Қабылданған күні
27.05.2025
Көрсетілген редакция
27.05.2025 210985_762861.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036202
ЭКБ идентификаторы
210985
Редакция идентификаторы
210985_762861
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:12

0 «Жылжымалы құрамды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 444 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жылжымалы құрамды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 444 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18952 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы құрамды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларында:
2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
18-тармақ алып тасталсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Техникалық және сервистік қызметке жылжымалы құрамды тексеру, жылжымалы құрамды ҚР ТПҚ талаптарына сәйкес техникалық жарамды жағдайда ұстау үшін қажетті материалдық, зияткерлік, ғылыми құралдарды пайдаланып, міндетті түрде мерзімдік жүргізуді сақтай отырып, жоспарлы және жоспардан тыс қызмет көрсету кіреді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы