О внесении изменения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 27 июня 2019 года № 447 «Об утверждении правил перечисления и норматива отчислений на обеспечение безопасности полетов гражданской авиации»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 27 июня 2019 года № 447 «Об утверждении правил перечисления и норматива отчислений на обеспечение безопасности полетов гражданской авиации»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару қағидалары мен олардың нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 447 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 211
- Қабылданған күні
- 30.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2023 155680_638823.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022709
- ЭКБ идентификаторы
- 155680
- Редакция идентификаторы
- 155680_638823
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:17
0 «Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару қағидалары мен олардың нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 447 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару қағидалары мен олардың нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 447 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18928 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару қағидалары мен олардың нормативінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударым нормативі аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің иелігінде қалған таза кіріс бөлігінің он пайызынан кем емес соманы құрайды, бірақ болашақ кезеңдердің кірісі деп танылатын азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударымдардың пайдаланылмаған сомасының қалдығын ескере отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның даму жоспарында көрсетілген сомадан артық емес.».